Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бойынша заңнамаға жаңа енгізілімдер
2015 жылдың қараша айында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілді (Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 28 қазандағы № 370-V). Негізгі енгізілімдер заңның төрт бабына қатысты.
Барлық мемлекеттік және заңды тұлғаларда, мемлекет оларға жалғыз акционер болып табылатын, мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция міндетті түрде орналастырылуы тиіс. Бұл экспозицияда мемлекеттік рәміздерді жасау тарихы және авторлары туралы мәлімет болу керек.
4-баптың 1-тармағында бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылды:
«5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде).
5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылды:
«3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады».
Қазіргі уақытқа дейін 4 маусым күні Қазақстан елінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар болып өткізілетін. Енді Қазақстанда 4 маусым күні Заң деңгейінде көрсетіліп, шаралар кешені өткізіліп, Мемлекеттік рәміздерді мерекелеу күні болып саналады.
10-баптың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылды:
«3-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту».
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары бекітілді.
Тағы бір жаңа енгізілім - мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі құрылады. 11-баптың 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті органымен мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі құрылып, сондай-ақ ол туралы ереже әзірленіп, бекітіледі.
Мемлекеттік рәміздерге қатысты ең маңызды мәселе – 2016 жылғы 1 қаңтарынан бастап жаңа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын енгізу. Ұлттық стандарттың жаңа редакциясы 2016 жылғы 1-қаңтарында іске енгізілді. Қазақстан Республикасының СТ РК 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» техникалық параметрлерін бақылауы мен Мемлекеттік Елтаңбаның түсіне қатысты келіспеушіліктер табылды. Осыған қатысты берілген стандарттың ережелерін жаңадан қарастыру деген мәселе туындады.
Барлық ұсыныстарды ескере отырып, СТ РК 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптар» ұлттық стандарттың жаңа редакциясы зерттеп дайындалды. Ұлттық стандарттың жаңа редакциясы 2016 жылғы 1-қаңтарынан бастап іске енгізілді.
Ұлттық стандарттың жаңа редакциясы келесі өзгерістерді енгізіп отыр:
- Мемлекеттік Елтаңбаның алтын түсін жасау кезінде техникалық талаптары қарастырылды. Алтын түс барлық үстінгі қабатында біртүсті болып, бұлдырсыз, көлеңкесіз - шағылыстыратын мүмкіндігімен (жарқыл) болу қерек.
- түсі мен өлшемдеріне рұқсат енгізілді;
- Мемлекеттік Елтаңбаның барлық элементтеріне талдау өткізілді;
- элементтерді қалыптау үшін қажетті өлшемдері берілді;
- 2008 жылғы редакциясында болмаған құрама элементтердің барлық кажетті атаулары берілді;
- бақылау (сынау) әдістері енгізілді (спектрофотометр).
Пайдалану кепілдік мерзімі енгізілді, ол 3 жыл мерзімі құрайды, ол өндірушілерді сапалы өнім шығаруын талап етеді.
СТ РК 989-2008 ұлттық стандарттың уақыт мерзімі 2017 жылғы 1-шілдесіне дейін анықталған, 2016 жылғы 1-қаңтарына дейін жасалған және енгізілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбаларға тарайды, ол ескі үлгідегі Мемлекеттік Елтаңбаларды кезеңмен ауыстыруға мүмкіндік береді.
«ҚР Инвестициялар және даму
Министрлігі Техникалық реттеу және
метрология комитетінің Павлодар облысы
бойынша Департамент» РММ
