Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

Құрметті отандастар!Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»,-деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын.Отан - Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтар қалыптасады. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз. Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні - Yvision.kz