Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатына 176 мыңнан астам бірлік мұрағаттық құжаттарды сақтауға қабылданды (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер минист

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатына 176 мыңнан астам бірлік мұрағаттық құжаттарды сақтауға қабылданды (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 204/377 бірлескен бұйрығының негізінде):

- ақтауға жатпайтын адамдардың мұрағаттық қылмыстық істері;

- қуғын-сүргінге ұшыраған, сот органдары ақтаған тұлғаларға қатысты мұрағаттық қылмыстық істер;

- Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты сүзгіден өтетін және олжалық материалдар.

 

Ақтауға жатпайтын адамдарға қылмыстық істер олардың қылмыс жасағанын жеткілікті айғақтайтын құжаттардан тұрады: Отанды сатудың барлық формалары; жай халық пен әскери тұтқындарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк, қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысу.

Қылмыстық істердің материалдары бойынша сотталғандардың туысқандарынан өтініш келіп түскен жағдайда арнайы мемлекеттік мұрағат мұрағаттық анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, онда сотталғанның өмірбаянының деректері, тұтқындау, сотталған және ақтаудан бас тарту туралы мәліметтер хабарланады (қылмыстық іс мәліметтерінің құпиялылығына байланысты, мұрағаттық құжаттардың қандайда бір көшірмелері өтініш берушіге ұсынылмайды).

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау мәселелері прокуратура және сот органының құзыретіне кіретіндігін білу қажет (негіз: «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағы).

 

Сот органдары ақтаған қуғын-сүргiнге ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істер – сотталған және ақырында ақталған азаматтардың істері, сондай-ақ тергеу барысында айыптың дәлелденбегендігінен тоқтатылған істер.

Прокуратура және сот органдары қылмыстық істерді қайта қарау барысында революцияға қарсы және  кеңеске қарсы үгiт және насихат жүргiзгені, мешiт пен шiркеудi мемлекеттен және мектептi мешiт пен шiркеуден бөлу туралы заңдарды бұзғаны, КСРО-ның қоғамдық құрылысын даттайтын қасақана өтiрiк қауесеттер таратқаны үшiн бұрын сотталғандардың бәрi ақталған адамдар деп жарияланады.

Толық ақталған азаматтар не олардың өкiлдерi, ал олар қайтыс болған жағдайда туған-туысқандары қысқартылған қылмыстық, немесе әкiмшiлiк iстердiң материалдарымен танысуға. сондай-ақ сақталған осы iстердегi қолжазбаларды, фотосуреттердi, басқа да жеке құжаттарды алуға құқылы (негіз: Заңының 16-бабы).

 

Бұл ретте ақталғанның туысқандары тек процессуалдық емес сипаттағы құжаттармен танысуға құқығы бар. Тиісінше бұл сотталғандардың сауалнамасы, селолық кеңес және жергілікті органдар берген анықтамалар, жұмыс орнының мінездемесі, үкімдер мен айыптау қорытындылары (егер онда іс бойынша өтетін куәлер немесе басқа да қылмыстық процесстің қатысушылары көрсетілмеген жағдайда), қылмыстық істі қайта қарау туралы шешім, ақтау туралы мәлімет.

Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде мұрағат мұрағаттық анықтамалар беру, құжаттардың көшірмелерін, құжаттардан үзінді, сондай-ақ өтініш берушілерге немесе олардың сенімді адамдарына қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың жеке құжаттарының түпнұсқасын  бере алады (сенімді адамдардың жеке басын растайтын құжаттарын сондай-ақ, нотариалдық куәландырылған сенімхаттарды ұсынғаннан кейін. Мұрағаттық қылмыстық істермен танысқан адамдардан міндетті түрде жазбаша қолхат алынады, онда материалдармен танысу нәтижесінде алынған мәліметтерді іске қатысты адамдардың және оның жақындарына қатысты құқықтық және заңдық мүдделеріне зиян келтіруіне пайдалануға тыйым салынады).

 

Германияда әскери тұтқында болған және өз еліне қайта оралған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты сүзгіден өтетін және олжалық материалдарды – бұл Ұлы Отан Соғысы кезінде тұтқынға алынған және концлагерлердегі болған кеңес сарбаздарының істері. Барлық сүзгіден өтетін және олжалық материалдарда сауалнама және есепке алу карточкалары бар, онда тұтқындалған уақыты және орны, тұтқында ұстау жағдайы, лагерлер бойынша қозғалысы, еңбекке пайдалану орындары және т.б. туралы өмірбаян сипатындағы деректерден тұрады.

Осыған ұқсас мұрағат азаматтардың өтініші бойынша Ұлы отан соғысы жылдары тұтқында болу фактілерін растау туралы мұрағаттық анықтамалар береді.

   

Қарағанды облысы ІІД

Арнайы мемлекеттік  мұрағаты

Тел:42-92-70

     
0
0
390

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатына 176 мыңнан астам бірлік мұрағаттық құжаттарды сақтауға қабылданды (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер минист - Yvision.kz