Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 29 тамызында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде. "Қазақстан Республикасының Конституциясы - қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен дәулеттілігінің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, студенттер мен профессорлық-оқытушы құрамы еліміздің Ата Заңының ерекше маңыздылығың, оның қазіргі заманғы қоғам қызметтері барлық салаларын реттейтінін атап өтті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы И.Е. Баженова жиналғандарға мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы моделін қалыптастырудың конституциялық принциптері туралы баяндады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің реформалауы Конституциямен айқындайтын құқықтық негіздеріне, оны құру және дамытудың негізгі бағыттарына қатаң сәйкес жүзеге асырылатыны белгіленді.
Дөңгелек үстел өткізу барысында қатысушылармен қазіргі кезде оң нәтижелер берген ағымдағы жылдың наурыз айында Конституцияға енгізілген өзгерістер талқыланды.
Осындай іс-шараларды өткізуі дәстүрге айналып құқықтық сауаттылықты арттыру, патриоттық рухты нығайту және мемлекеттік органдардың түрлі мекемелер мен ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимылға ықпал етеді.
