Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың тиімді шараларын жасау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар бекітілді. Ұлттық жоспардың негізгі бағыты ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның ішінде скринингтік бағдарламаларды жетілдіру болып табылады.
Мүгедектігі бар адамдардың бейімделу деңгейін арттыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік оңалту, оның ішінде техникалық (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жүргізіледі. Соңғы 3 жылда техникалық оңалту құралдарының тізбесі заманауи тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарды қоса алғанда, 32-ден 55-ке дейін кеңейтілді. Жүргізіліп жатқан әлеуметтік оңалтудың негізгі жаңалығы Ұлттық жоспарға сәйкес әлеуметтік қызметтердің электрондық порталын енгізу арқылы техникалық оңалту құралдарын таңдау құқығын жоспарлы қамтамасыз ету болып табылады.
Бұдан басқа, әлеуметтік қызметтерді жетілдіру жоспарлануда, атап айтқанда әлеуметтік қызмет көрсетудің басты қағидаттарының бірін сақтау мақсатында -отбасында адамды сақтау, мүгедек балаларға арналған күндізгі бөлімшелер желісін кеңейту, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары етіп қайта құру жөніндегі жұмыс жолға қойылуда.
Создание эффективных мер социальной защиты лиц с инвалидностью является одним из приоритетных направлений социальной политики государства.
Постановлением Правительства РК от 28 мая 2019 года № 326 утвержден Национальный план по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью. Основным направлением Национального плана является модернизация национальной системы здравоохранения, в том числе совершенствование скрининговых программ.
В целях повышения уровня адаптации лиц с инвалидностью, проводится социальная реабилитация инвалидов, в том числе обеспечение техническими (компенсаторными) средствами. Перечень технических средств реабилитации за последние 3 года расширен с 32 до 55 наименований, включая современные тифлотехнические и сурдотехнические средства. Основным новшеством проводимой социальной реабилитации является согласно Национального плана, обеспечение права выбора технических средств реабилитации посредством внедрения электронного портала социальных услуг.
Кроме того, планируется совершенствование социальных услуг, в частности в целях соблюдения одного из главных принципов социального обслуживания – сохранение человека в семье, налаживается работа по расширению сети дневных отделений для детей-инвалидов, преобразование сети медико-социальных учреждений стационарного типа в центры социального обслуживания.
