Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ұлттық мұра» жобасы аясында
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ұлттық мұра» жобасы аясында, Ұлттық салт дәстүрді дамыту, ұлттық аспаптарымызды дәріптеу мақсатында, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылдық округі әкім аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастырылуымен А.Бертаев мектебінде "Мәдени Мұра-ғасырлар үні" атты жастарға түсіндірме ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақ барысында 2004 жылы Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында көптеген мәдени орындардың ашылғанын және де қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі екені түсіндірілді.
#Ulttykmura
