Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысының бастамасымен "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы және "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалына Өрікті ауылының тұрғыны Тажибаева Роза қайтыс болған сіңлісінің күйеуі Әкберген Жәнібекке және анасыз қалған 4 баласына қайырымдылық көмек сұрады.Тиісті шаралар қабылданып, Еңбекшіқазақ ауданы VII шақырылым депутаты А.Сайдуллаев Өрікті ауылының тұрғыны Әкберген Жәнібекке өз қаражатынан 200 мың теңге мөлшерінде азық-түлік және киім –кешекпен көмек көрсетті.
