Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған концерті

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қарасай аудандық мәдениет үйінде өткен жұма күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Құрмет және Парасат ордендерінің иегері Секен Керімұлы Тұрысбековтың және Ақ жауын фольклорлық этнографиялық ансамблінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған концерті болды.

Қазақ домбырасының үнін Парижде ең алғаш әлемге Әміре Қашаубаев танытқан. Тәуелсіздік алғалы бері Құрманғазының Адай күйі де әлемнің әр мемлекеттерінде орындалып, тыңдаушыға қазақ ұлтының рухы мен дархан қазақ даласын көргендей сезімде қалдыруда.

Осы үрдісті жалғастырып, кейінгі ұрпақ өкілі, аса талантты жас Димаш Құдайбергенов өзіне ғана тән әлемдік дауысымен, қазақтың қара домбырасын бүкіл әлемге мойындатты.

Секен Тұрысбековтың туындыларының ішіндегі үлкен шыңы Көңіл толқыны туындысы. Көңіл толқыны күйі автордың орындауында YouTube арнасында Далекие Галлактики деген атпен 11 млн астам көрермен жинап, әлем халықтарының сүйіп тыңдайтын туындысына айналып отыр.

Қазақ күйін әлемдік деңгейге жеткізген, ұлттың мұрасына айналдырған Секен Тұрысбекұлы ұлтымыздың мақтанышы, қазақ халқының бақытты ұлы.

#ұлттықмұрақарасайауданы

#ұлттықмұра

0
0
112

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған концерті - Yvision.kz