Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Құрметті партияластар!
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн- біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Ұлттық жаңғыртуды жүзеге асырып, жаңа құндылықтар қалыптастырдық.
Республика Егемендігін ең алдымен көпұлтты Отанымыздың барлық халықтары мен ұлыстарының, одан кейін дүниежүзілік қауымдастықтың мойындауы Елбасымыздың көреген саясатының нәтижесі екенін ерекше атап өткім келеді.
29 жыл тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзім, аз ғана уақыт. Алайда, осы қысқа кезеңде жанқиярлық еңбектің, туған елін өркениетті әрі заманауи мемлекетке айналдырғысы келген миллиондаған қазақстандықтардың ақ ниетінен туған ерлік пен жігердің жемістері мен толағай жеңістері болды. Соның арқасында Қазақстан Тәуелсіз ел ретінде бесігін түзеді. Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтап, іргесін нығайту жолында да қиындықтар аз кездеспегені тарихтан мәлім. Ең үлкен құндылығымыз Тәуелсіздікті сақтау үшін барлық қазақстандықтар бір кісідей береке-бірлікте ат салысу керек. Алдымыздағы келе жатқан саяси науқан-сайлауда да бірлігімізді көрсетіп, барлықтарыңыздың қатысуларыңызды сұраймын. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетуді» көздейтін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын.
Құрметті жерлестер!
Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Еліміз дамып, көк байрағымыз аспанымызда желбірей берсін. Барлықтарыңызға береке-бірлік, зор денсаулық, тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Жанұяда шаттық, бақыт, табыстар тілеймін!
Дорогие земляки, однопартийцы!
Разрешите от всего сердца поздравить Вас с 29-летием Независимости Республики Казахстан!
Для Казахстана «День Независимости» вошел в историю как олицотворение священной идеи о государственном суверенитете и этот день явился результатом борьбы за независимость многих поколений казахского народа. С этим днем связано создание обязательных атрибутов современного государства. Для казахстанцев он символизирует новую точку отсчета времени, начала кардинальных реформ в экономике, курса на становление Казахстана как полноценного субъекта международных отношений, строящего открытое, демократическое, социально-ориентированное общества.
Казахстан в политической области прошел большой путь, основными вехами которого стали: возрождение казахстанской государственности; создание конституционных основ суверенной страны; утверждение института президентства; формирование казахстанского парламентаризма и политических партий; укрепление национальной безопасности.
Мы смогли превратить нашу Родину в колыбель мира. Через спокойствие в нашей стране воцарилась стабильность, а через согласие - сплоченность. Единство, согласие - наше главное богатство, бесценное достояние. Если нашей основой будет спокойствие, опорой - стабильность, желанием - согласие, то наша страна займет достойное место в истории. Независимость сплотила народ под единым шаныраком Ассамблеи - хранителя мира и согласия. Наше духовное единство - главный фундамент светского государства и общества. Создание и устойчивое развитие казахстанского государства-это огромная заслуга непосредственно самого Елбасы, под мудрым руководством которого наша страна прошла уникальный путь развития.
Независимость была, есть и будет нашей главной консолидирующей ценностью. Пусть этот праздник – День Независимости Республики Казахстан принесет чувство радости, счастья и спокойствия в каждый дом !
Желаю Вам крепкого здоровья, счастья каждой семье, добра, благополучия!
