Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
2016 жылы 14 қантарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Әуезов ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін таныстыру аясында «Мемлекеттік қызмет жаңа моделінің тұсаукесері «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысына Әуезов ауданының мемлекеттік органдарының басшылары, Алматы қаласы Мәслихат депутаттары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, үкіметтік емес ұйымдары, ЖОО, «Нұр Отан» партиясы Әуезов ауданыдық филиалы СЖҚҚК төрағасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы ардагерлер қатысты.
Модератор Алматы қаласы Әуезов ауданының аппарат басшысы- Бәтима Әлиарова біз Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін талқылау үшін жиналып отырмыз. Осы құжаттың маңыздылығын және өзектілігін бәріміз түсінеміз.
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 президенттік реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды анықтады. Реформалардың бірншісі «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» дан басталады.
Тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше назар аударылады және 100 қадамның 15 мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақты іс-шараларды анықтайтынын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің консультанты Асхат Байұзақов «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің тұсаукесері» атты баяндамасында 2015 жылы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың №153 Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережелені түсіндірдіріп өтті.
Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік мінез-құлықтарына және осы Кодекстің мақсаттарына тоқталды.
Әуезов ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері Бәтима Ибраева меритократия қағидаттарына негізделген қазіргі заманғы мемлекеттік аппараттын қалыптастыру және дамыту үшін, тиімділігі мен қоғамға есеп беруді алдыға тартып, мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиімді орындау үшін өздерінің кәсіби денгейі мен біліктілігін арттыру қажетілігін атап өтті.
Алматы қаласы Мәслихат депутаты, «Масато инвестициялық және құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Сергей Козлов, Жаңа ҚазЭУ Экономика университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қалдарбек Қуандықов, «Нұр Отан»партиясы Әуезов ауданыдық филиалы СЖҚҚК төрағасы Қайырбек Бергарипов, Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы, адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, Әдеп Кодексінің оң аспектісі болып табылатынын басып айты.
Баяндамашыларды тындай келе, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша бейнематериалдарды көріп, жеке талаптарын қарастыра отырып, көтерілген мәселелерді талқылап ұсынымдар қабылданды:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін барлық қатысушылардың мүлтіксіз сақтауы;
- Әуезов ауданының мекеме басшылары мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін таныстыру жұмысын ұйымдастыруын жалғастыру.

