Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтындағы семинар

А.ж. 12 мамырында ҚР Ұлттық уланы Әскери институтында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде профилактикалық семинар өтті. Кездесуге Департаменттің қызметкерлері және Әскери институттың оқутышылары мен офицерлері қатысты.

Департаменттің бас маманы А. Сатанов семинар қатысушыларына Стратегияның негізгі ережелері туралы баяндап, жемқорлықты жою мақсатында академиялық адалдық, әдептілік және транспаренттілік қағидасын табысты енгізген шетелдік үлгілерден бірқатар мысалдар келтірді.
Әскери институт офицерлері жемқорлықтың пайда болу жағдайлары және оны жою шаралары туралы сұрақтар қойды. Барлық сауалдарға тиісті жауаптар берілді.
Кездесу соңында жемқорлыққа қарсы бейнероликтар көрсетілді.
