ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

1

2017 жылы 21 ақпанда сағат 17.00-де Астана қаласындағы «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков «Әлеуметтік-еңбек саласы: 2016 жылғы қорытындылар және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге  қабілеттілік" жолдауын іске асыру аясында министрліктің  негізгі міндеттері» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Отырыс барысында мынандай мәселелер қозғалды: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу; халықтың зейнетақы жүйесімен қамтылуының өзекті мәселелері; зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру - Мемлекет басшысы тапсырмасының іске асырылуын қамтамасыз ету; «Өрлеу» пилоттық жобаның іске асырылуы туралы; Павлодар облысында өткізілетін мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс туралы; әлеуметтік қызмет көрсету тәсілдерін жетілдіруде ҮЕҰ-ның рөлі.

Тамара Қасымқызы Дүйсенова өзінің сөз сөйлеуін қорытындылауда Мемлекет басшысымен және ҚР Үкіметімен қойылған міндеттерді ескере отырып, ҚР ЕХӘҚМ қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыс 2017 жылы жалғастырылатынын хабарлады.
Жекелеген секторалдық алқа кездесулерінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына тапсырмалар мен 2017 жылға қойылған міндеттер берді.