Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік ...

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ еңбек инспекциясы жөніндегі өңірлік басқармалар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өңірлік бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі бөлімдерінің басшылары және ел кәсіпорындарының 100-ден астам өкілдері үшін өндірістік қауіпсіздік жөнінде бірлескен кеңес өткізді. ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің қызметкерлері іс-шараның негізгі спикерлері болды. Өз сөзінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Нұрғалиев статистика бойынша жыл сайын еліміздің кәсіпорындарында жазатайым оқиғалар салдарынан 1,3 мыңнан астам қызметкер мертіксе, олардың 200-ге жуығы қаза табатынын айтты. Өткен жылы зардап шеккендер саны 1,5 мың адамға жетті, ал қаза тапқандар саны – 208-ді құрады. «Мемлекеттік бақылау нәтижелері анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтардың шамамен 28,8%-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша екенін көрсетеді», – деп атап өтті Ербол Нұрғалиев. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/156661... *** Комитет труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и АО «Национальная компания «Қазақстан темiр жолы» (далее – АО «НК «КТЖ») провели совместное совещание по производственной безопасности для региональных управлений по инспекции труда, руководителей отделов безопасности труда региональных отделений АО «НК «КТЖ» и более 100 представителей предприятий страны. Основными спикерами мероприятия стали председатель Комитета труда, социальной защиты и миграции МТСЗН РК Ербол Нургалиев, и сотрудники департамента производственной безопасности и экологии АО «НК «КТЖ». В своем выступлении председатель Нургалиев рассказал, что по статистике ежегодно на предприятиях страны в результате несчастных случаев получают увечья более 1,3 тыс. работников, порядка 200 из них – погибают. В прошлом году число пострадавших достигло 1,5 тыс. человек, а погибших – 208. «Результаты государственного контроля показывают, что порядка 28,8% выявленных нарушений трудового законодательства приходится на вопросы безопасности и охраны труда», – подчеркнул Ербол Нургалиев. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/156661...

0
0
297

Осы тақырып бойынша