Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі...
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен бейнеконференция
2020 жылы 4 маусымда әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Үсенова Гүлжахан Нұрасылқызымен департамент қызметкерлеріне онлайн режимінде бейнеконференция ұйымдастырды.
Мақсаты - қызметтік әдепті бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын қолдану мәселелері бойынша кеңес беру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру.
Сөз сөйлеу барысында, Г.Н. Үсенова мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлқының стандарттары, қызметтен тыс уақытта, қызметтік қарым-қатынаста және көпшілік алдында, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге байланысты егжей-тегжейлі айтып берді. Тыңдаушылардың назары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыруға баса назар аударылды.
Бұдан басқа, әдеп жөніндегі уәкіл мамандарды әдеп жөніндегі уәкілдің жаңа институтының мақсаттары мен құзыреті туралы хабардар етті.
Г.Н. Үсенова барлық мемлекеттік қызметшілерді мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына қысым жасайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге, заңмен бекітілген, мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға қолайлы әсер ететін шектеулерді қатаң ұстануға шақырды.
-------------------------------------------------------------
4 июня 2020 года уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. организовала для сотрудников департамента видеоконференцию в онлайн режиме с уполномоченным по этике Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Усеновой Гульжахан Нурасыловной.
Цель - профилактика нарушений служебной этики, консультация государственных служащих по вопросам применения этических норм, защита прав и интересов государственных служащих, формирование позитивного морально-психологического климата в коллективе.
В ходе выступлений, Усенова Г.Н. подробно рассказала об общих стандартах поведения государственных служащих, во внеслужебное время, в служебных отношениях и связанные с публичными выступлениями, в том числе в средствах массовой информации. Внимание слушателей было акцентировано на повышении требований к морально-нравственному облику и деловым качествам государственных служащих, которые отражены в Этическом кодексе государственных служащих Республики Казахстан.
Кроме того, уполномоченный по этике проинформировала специалистов о целях и компетенции введенного нового института Уполномоченного по этике.
Усенова Г.Н. призвала всех государственных служащих к противодействию коррупции, ущемляющей интересы государства и права граждан, строго придерживаться ограничений, утвержденных законом, благоприятно сказывающихся на укреплении позитивного имиджа государственной службы.
