ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенова Қостанай облысына келді

1

2017 жылы 24 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауының негізгі сәттерін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенова бастаған республикалық ақпараттық топ Қостанай облысына келді.

Іссапар барысында Т.Қ.Дүйсенова Мемлекет басшысы - Ұлт көшбасшысының "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауын түсіндіру аясында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша семинар-кеңеске қатысты,  Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің есеп беру кездесуінде болды, еңбек ардагерлерімен, жастармен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесті, Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығына, сонымен қатар «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын «Әуежай ауданында №22, №35 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы» объектісіне барды.