Қазақстан менің туған Атамекенім
Бәрімізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге оралған азаматтарды «оралман» деуден бастартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деп қадап айтқан болатын. Бүгінде қандас –жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтарына берілген атау.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп, халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтседе ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
