Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші-мигранттардың құқығын қорғау бойынша "Жол картасына" қол қойды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ХІІ Астана экономикалық форумы аясында өткен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына орайластырылған халықаралық конференцияда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Мәселен, Өзбекстан Республикасының жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Құдбиевпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына ("жол картасы") қол қойылды. Бұл үкіметаралық келісімге ведомство басшылары 2019 жылы 15 сәуірде Ташкент қаласында ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.

Жол картасына қол қою елдер арасындағы еңбек көші-қоны процесін реттеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Үкіметаралық келісім шеңберінде еңбекші-мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығына ие. Еңбек мигранттары үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ведомстволар арасында орнатылған іскерлік және достық байланыстарды жоғары бағалайтынын және қол қойылған халықаралық құжат аясында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Бұдан басқа, Б.Сапарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының мүшелік қызметтері мен байланысын дамыту департаментінің директоры Грэм Минтонмен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында министр ХӘҚҚ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын және басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Казахстан и Узбекистан подписали «Дорожную карту» по защите прав трудящихся-мигрантов

Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Бердибек Сапарбаев на площадке Международной конференции, организованной в честь 100-летия Международной организации труда (МОТ), которая состоялась в рамках XII Астанинского экономического форума, провел ряд двусторонних встреч.

Так, в ходе встречи с Министром занятости и трудовых отношений Республики Узбекистан Шерзодом Кудбиевым подписан Совместный план мероприятий («дорожная карта») по реализации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о трудовой деятельности и защите прав трудящихся-мигрантов на период с 2019 по 2020 годы.

Данное межправительственное соглашение было подписано главами ведомств 15 апреля 2019 года в г.Ташкент в ходе государственного визита Президента РК К.К.Токаева в Республику Узбекистан.

Подписание дорожной карты будет способствовать дальнейшему укреплению сотрудничества между странами в области регулирования процесса трудовой миграции. В рамках межправительственного соглашения трудящиеся мигранты имеют право на отдых, получение гарантированного объема бесплатной медицинской помощи при острых заболеваниях, представляющих опасность для окружающих в соответствии с законодательством принимающего государства и условиями трудового договора. Оплата и другие условия труда трудящихся-мигрантов регулируются трудовым договором с работодателем в соответствии с законодательством принимающего государства.

По итогам встречи министры отметили, что высоко ценят установленные между ведомствами деловые и дружеские контакты и выразили готовность к дальнейшему сотрудничеству в рамках подписанного международного документа. Кроме того, Б.Сапарбаев провел встречу с директором департамента членских услуг и развития коммуникаций Международной Ассоциации Социального Обеспечения (МАСО) ООН Грахамом Минтоном. Стороны обсудили актуальные вопросы сотрудничества. В ходе встречи министр подчеркнул важность сотрудничества с МАСО и заинтересованность в дальнейшей активизации взаимодействия по приоритетным направлениям.

0
0
351

Осы тақырып бойынша

Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші-мигранттардың құқығын қорғау бойынша "Жол картасына" қол қойды - Yvision.kz