Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ірігі мен шірігі.
Барлығын байыптап, асықпай, ойланып, талдап көрейікші.
Орталықтандырылған ресми діни ұйымы бар ел бар екен.
Ол ел - Қазақстан Республикасы, ал ресми діни ұйым болса Қазақстан Мұсылмандарының Діни Басқармасы — ҚМДБ.
Бұл ұйым басты қағидасы ретінде сүннеттің ханафи мазхабын жариялайды. Сүннеттің ханафи мазхабы дегеніміз не?
Сүннеттің ханафи мазхабы дегеніміз діни уағыздарында және қағидаларында Мұхаммед пайғамбардың өмірін суреттейтін жазбаша дәстүрге сүйенетін және сол жазбалар негізінде Құранды түсіндіретін мұсылмандық құқық мектебі.
Мәселенің қиындығы жатқан жер мынада — Құранның тілі араб тілінің «фұсха» деп аталатын және ол тілде ешкім сөйлемейтін ескі түрінде жазылған. Оның үстіне Құранның көптеген аяттары астарлы мағынасымен жазылған.
Сүннеттің ханафи мазхабы Мұхаммед пайғамбар туралы хадистер жинақтарының алтауын қабылдайды: Бұхари, Муслим; Абу Дауыт, Тирмизи, ан-Насаи және ибн-Маджтың жинақтары.
Осы алтауының Бұхари мен Муслимнің жинақтары өте жоғары бағаланады.
Ең алғашқы жинақтың жасақталып жарық көруі IX ғасыр (пайғамбар өлімінен 200 жылдан кейін) және мұндай жинақтар XI ғасырға дейін жалғасты.
Ал енді біздің орталық діни мекемеміздің сүйенетін хадис жинақтарын зерттеп көрелік.
Жинақтардың ең «сапалысы» және «сенімдісі» Бұхаридің хадистеріне біраз үңіліп көрелік.
4-том. Жиһад кітабы (52). 260-хадис (2818)
Икриманың айтқанымен:
«Әли бірнеше адамды жағып жібереді және бұл туралы хабар Ибн Аббасқа жетеді. Ол болса былай дейді: «Егер мен оның орнында болғанда оларды жақпас едім. Өйткені пайғамбардың бұйырғаны бойынша «Ешкімді де Алланың жазалауымен жазаламаңдар» деген. Бірақ басқа әдіспен бәрі бір өлтірер едім. Өйткені пайғамбар «Егер кез-келген мұсылман өз дінінен безсе, онда оны өлтіріңдер» деп әмір еткен».
Сонда қалай болғаны, біздің ресми діни ұйымымыз діннен шыққан адамдарды өлтіруді дұрыстайтын хадис жинағын жақтай ма? Зиялы Қазақстанда бұл мүмкін емес қой!
Бұхаридің жинағынан алынған тағы бір «қызық» хадис:
Амр бин Маймұнның айтқаны:
Алланың пайғамбары айтқан екен: «Жәһилия (қараңғылық) заманында бір топ маймылдың басқа маймылды қоршап алғанын көрдім. Оны зинақорлық жасағаны үшін таспен атқылап жатыр екен. Мен де оларға таспен атқылап көмектестім».
Бұл хадистің арқасында мұндай заң да бар кейбір шариғатты қолданатын мұсылман елдерінде! Зинақорларды таспен атқылап өлтіреді де.
Нақ сондай жағдай. Біздің дін басылар өздерін мұсылмандықтың Қазақстандағы ресми ұйымы ретінде таныстыра отырып, осындай сұрақы, кертартпа хадистерді жазған Бұхариді ашық түрде қабылдайды.
Бұл демек, әрбір Қазақстан азаматын зинақорлық жасаған жағдайда таспен атқылап өлтіру қажет деген сөз Қазақстан Мұсылмандарының Діни Басқармасының қисыны бойынша.
Шектен шыққан жауыздық емес пе?
Тағы бір «ресми» және «сенімді» хадис:
Әбу Қилабаның айтканы:
Әнестің жеткізгені: «Үкіл және Ұрайна тайпаларынан келген адамдардың кейбірі Мәдинаның ауа-райы жақпай сырқаттанған екен. Сонда оларға пайғамбар дәрі ретінде түйенің сүті мен зәрін ишуді әмір етеді. Олар пайғамбардың айтқанын орындайды, бірақ одан кейін малшыны өлтіріп, түйелерін айдап әкетеді. Бүл хабар пайғамбарға таңертең жетеді. Ұрылардың артынан қуғыншы жібереді. Ұрыларды ұстап түске таман жеткізеді. Ұрылардың
қолы мен табандарын кесіп тастап, көздерін қызған темірмен ағызып тастауға әмір береді. Одан кейін оларды Әл-Харра деген жерге апарып тастап, сусыз қалдырды». Әбу Қилаба «Олар ұрлық жасады және адам өлтірді. Мұсылман болғаннан кейін опасыздық жасап, Алла мен Оның елшісіне қарсы шықты» дейді.
Сонда біз дәрі ретінде түйенің зәрін ішуіміз керек пе енді? Аяқ-қолды отап, көзді ағызып тастау туралы айтпай-ақ қоялық.
Осы ма сіздердің қалағандарыңыз? Ресми дін басыларының мешіттерде уағыздап жүргендері осы хадистерге толықтай сүйенеді.
Мынандай жарнамалық роликті де көретін күн туатын шығар: «Басың ауыра ма? Тамағың қырылдай ма? Асқазаның кыжылдай ма? Түйенің зәрі сіздің дертіңізге дәрмен болады! Қаламыздың хәләл дәріханаларынан сұраңыздар! Имам Бұхаридің хадистерімен расталған және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасымен ұсынылған!»
Нағыз бәле сонда болар еді.
Бұл жағдайдың ең сорақысы сол, бұл жалған хадистердің барлығы дерлің Құранға қайшы келетіні.
Айтып кеткеніміздей, бұл хадистердің бәрі пайғамбар және оның сахабалары қайтыс болғаннан кейін ашкөз, пайдақор, қанағатсыз жауыздардың тарапынан жазылған.
Алайда бізді ресми дінбасыларымыз осындай Құрандағы Құдайдың сөзіне қайшы жалған хадистерде суреттелген пайғамбардың сүннетін орындаумызды қалайды.
Неге дінбасыларымыз бұл хадистердің Құранға тікелей қарама-қайшы екенін айтпайды қара халыққа?
Болмаса Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының басшыларынан тікелей сұрап көрелік, Бұхаридің хадистерін қабылдай ма екен. Егер қабылдайтын болса, неге біздерге осындай хадистердің бар екенін және әмірлерін айтпайды?
Сонда қалай болғаны? Құдай мұсылмандарға ақылмен, әділдікпен, адамгершілікпен өмір сүруге шақырады. Ал кертартпа хадистерге сүйенсек түнек пен надандыққа батып, албасты атанамыз.
Діннен шыққандарды өлтіру деген хадистен алынған әмір Құранның Бақара сүресінің 256 аятына тікелей қайшы.
«Дінде зорлық жоқ. Тура жол адасушылықтан арылып болды. Тағұтқа сенбей, Аллаға сенгендер ешқашан сынбайтын ең берік тұтқаны ұстағандар. Алла Бәрін Естіп Білуші». (Құран, 2-256)
Бұған қандай жауап берер екен? Қанша жылдан бері үнсіздікпен еш нәрсе естімегендей жүр.
