«Қазақстан кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта жастармен кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы кеңесшісі, Партяи бақылау комиссиясының мүшесі Жандос Рахметов, Арқалық қаласы бойынша «Jas Otan» жастар қанатының бөлім басшысы Данияр Қожахметов «Қазақстан кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта жастармен кездесу өткізді. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке Отанына, халқына адал қызмет етуге, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында өткен кездесу ұйымдастырушылары қаламыздың белсенді жастарын шақырды.

