Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдайды



2017 жылдың 21 маусымында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай Департамент) бірлесе отырып сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне мүлде төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру мақсатында: «Сыбайлас жемқорлық көрністерінен жалпылай бас тарту – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Назар Балғынбаев ашты.
Департамент басшысының орынбасары Геннадий Данияров «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Алматы қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқаның түсіндірді.
Қазақстан халқы Алматы қаласы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Қазбек Мансұров «Сыбайлас жемқорлыққа» әр түрлі тілдерде қысқаша сипаттама берді және жұртшылықты онымен күресуге шақырды.
Маслихат депутаты, ҚХА аналар Кеңесінің Алматы қаласы бойынша төрағасының орынбасары Нұрия Ниязова ҚХА Алматы қаласының аналар Кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясатты қолдайтының атап өтті.
«Жарасым» Республикалық жастар ұйымының Төрағасының орынбасары Рустам Қайрыев сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алуын өзінің жеке басынан өткен мысалдар арқылы келтірді.
Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтті, барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша бейнеклиптер көрсетілді.
