Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен отырыс өтті.
Бүгін «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен сайлау қорытындыларын қолдауға арналған кездесуі өтті.
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
