«Қазақстан дауысы» атану үшін дауыс қана маңызды
Жақында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Қазақстан дауысы» жобасы көрсетіле бастайды.
Өткен маусымдағы қазылар – Медеу Арынбаев, Нұрлан Албан, Мәдина Сәдуақасова мен Алмас Кікенбаев осы жаңа маусымда да бірінші таңдау сынағында қатысушылар арасынан үздіктерін таңдап, төрт топ құрайды.

Медеу Арынбаев жобаға қатысу кезінде ұстаздық қабілеттің ашылып дамығандығын аңғарған екен:
«Жас әншілермен жұмыс істеу мен үшін қызық болды. Бұл жоба – ұстаздық қабілетімді ашты десем, қателеспеймін. Доданың аты - дода. Сондықтан, жеңімпаз - біреу-ақ болуы керек».

Биыл ұйымдастырылып жатқан додаға Алматыда өткен іріктеу кезеңінде 1000-нан астам үміткерлер қатысты. Ұйымдастырушылар олардың арасынан 200-ге жуық орындаушыны анықтады.
«Мүлдем ешқандай жобаға ұқсамайды, ерекше. Әрине, әншінің көзіне қарағың келеді. Бірақ, бұл жерде тек қана – дауыс...», - дейді тәлімгерледің бірі, Мәдина Сәдуақасова.
Алғашқы кезеңдердің телевизиялық нұсқасы 26 қазаннан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіледі. Жоба 2015 жылдың 11 қаңтарынан бастап, SMS дауыс беру мүмкіндігімен тікелей эфирге шығады.
Екінші кезеңде әртүрлі топтардың мүшелерінен құралғын жұптық сайыс өткізіледі. Үшінші кезеңде жеңімпаздарды халық SMS дауыс беру арқылы анықтайды.
Жобаның бас жүлдесі – 5 миллион теңге.
«Қазақстан дауысы» атану үшін дауыс қана маңызды! Үздікті Ұлттық арнамен бірге анықтайық!
