Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан чемпионы атанған Даниял Сәбитті жеңісімен құттықтады

Бүгін "Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Нұршинов Д.Елеусінов атындағы бокс орталығында болды. Филиал төрағасының бірінші орынбасары жуырда ересектер арасындағы ел чемпионатында Қазақстан чемпионы атанған Даниял Сәбитті жеңісімен құттықтап, өз атынан Алғыс хат тапсырды.

- Сен осы жеңісіңмен Жайық өңірінің абыройын асқақтаттың. 18 жасыңда осындай биікті бағындырып, өңір спортының тарихын жаңғырттың. Сені осы жеңісіңмен құттықтап, алдағы уақытта Данияр Елеусінов ағаң секілді спорт саңлақтарының жеңісті жолдарын жалғастыруыңа тілекшіміз. Сенен үлкен үміт күтеміз, - деді Кенесары Бекболатұлы.

Еске сала кетсек, жерлесіміз Даниял Сәбит (бапкері Саттар Сұлтанғалиев) 29 қараша күні Шымкент қаласында өткен бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Қазақстан чемпионы атанған болатын.

0
0
174

Осы тақырып бойынша

Қазақстан чемпионы атанған Даниял Сәбитті жеңісімен құттықтады - Yvision.kz