«Қазақстан болашағы - қазақ тілінде»
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы - қазақ тілінде» деген тұжырымдамасын Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері де көрегенділікпен мақұлдауда.
Ана тіліміз бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тіл қазақ тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту халықтың міндеті.



