Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан

Көш бастады Нұрағаңдай ұлысың,

Таси берсін халқым сенің ырысың,

Бүкіл әлем мойындаған бас иіп,

Ақындардың таусылмайтын жырысың.

Астанаң тұр шуақ шашып бас қалаң,ел

Елім менің әуелеген асқақ ән.

Қазақстан-қасиетті еліме,

Мақтаныш пен жазам бүгін дастан ән.

Бағытыңды айқындадың елуге ,

Қиындықты бағындырып жеңуге.

Қазақстан әрекетін жасауда,

Әлем сүйген отыз елге кіруге.

Отыздыққа енсің сен,мен сенемін,

Салт-дәстүрің көзіндей ғой көненің.

Қазақ деген қасиетті халықты,

Айналайын Аллам менің жебегін!

Қазақстан мақтанышым айбыныМ,

Не екенін білмей өтші қайғының.

Сәби жүрек жыр кептерін ұшырды,

Кезіп жүріп тарих теңіз айдынын.

0
0
362

Осы тақырып бойынша

Қазақстан - Yvision.kz