«Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-нің мүгедектерімен кездесу
2018 жылы 1 қарашада ҮЕҰ-ның базасында мүгедектердің құқықтарын сақтау мәселесі жөнінде «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-нің мүгедектерімен кездесу өтті.
Осы кездесуге Қостанай облысы прокуратурасының өкілі А.Ахметова, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері Б.М. Досмұхамбетова және А.Р. Дощанова, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Қ.Х. Акатаева қатысты.
Өткізілген кездесу барысында көзі көрмейтін адамдарға арналған оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге арналған оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, осы санаттағы адамдар үшін объектілерде қолжетімділікті қамтамасыз ету, сапасыз оңалту құралдарын алу сияқты мәселелер талқыланды.
Барлық мүдделі сұрақтарға мемлекеттік органдардың өкілдерімен түсіндірме берілді.
Аталған кездесулер мемлекеттік органдардың өкілдеріне мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын зерттеу мақсатында, және де мүгедектер үшін пісіп-жетілген мәселелерді шешу үшін қажет.

