Қазақша букревью
Жақын арада елімізге белгілі эмпирик, трейдер және аты шулы жазушы Нассим Николя Талеб келмекші.
Оның үш ірі кітаптары бар: "Black Swan" (қара аққу), "Fooled by randomness" (кездейсоқтықтың ақымақтары) "Antifragility" (антисынғыштық). Қазақшаға аударуы тіптен қызық-ақ екен. Кітаптардың өздері де, мәні мен мазмұны да қызықтың ата-бабасын көрсетеді. Мына арада мен тек бір кітабын алып, өзімше түсінігімді жазып кетейін.
Алдымен автордың өзі туралы:
Американың азаматы болғанымен, туған жері Ливан, Амион қаласы. 1960 жылы дәрігерлер отбасында дүниеге келеді. 15 жасына дейін сол өңірде өскен. Оның ата-бабаларыЛиванның православтық саясаты және заңы аймағында ірі дәрежелерінің тұлғалары болған-ды. Кішкене кезінен бастап-ақ, уйіндегі кітаптардың бірін қалдырмай оқып, тауысып, кітапханадан кітапхана қалдармайтын көрінеді. Кейде мектепке де бармай, оны менсінбей, өзіне керек әдебиетті ғана оқитын. Соған қарағанда, мектептегі дәрістер оған тым аз көрінетін, сондықтан да жалықтыратын. Кітаптарының бірінде мектеп-университет жүйесін қатты сынға алып былай деп жазып кеткен:
"Бұл ескі Гарвард-Совет мектеп жүйесі құстарды ұшуға үйрететін мекеме. Болар баланың өзі-ақ табиғи түрде келетін дағды, талант, ойлау қабілетін мұғалім бір өзі сомдап бергендей көреді -ау".
Соған қарағанда, ғалым адам өзін-өзі жасайды не табиғи өне бойына сіңіп кеткен, өмірдің өзі-ақ болдырар қабілеттерін мектеп жемесе тіптен жойып-ақ жіберер керегі көпке тие бермейтін мекеме ретінде көреді.
Қарап тұрсаңыздар, автор өзі көптеген жалпы қауымға белгілі идеяларға қарама-қайшы келеді. Сондыөтан да, ол Нью Йоркте қаржы саласында трейдер ретінде жұмыс істеп келіп, 2008 жылғы қаржы дағдарысына сәл-ақ қалғанда соны дәлме-дәл болжап айтады. Бұған аң-таің болғаннан гөрі, жек көрінішпен қарағандар көбейеді. Достар саны азайғанымен, Нассим Николя Талебтың армандарының өркендеуіне үлкен серпіліс береді. Өзінің хедж фондын ашып, қаржы дағдарысынан шығуға ірілі-ұсақты компанияларға көмектесе бастайды. Соңына сол компанияны тапсырып, жазба ісімен ғана шұғылдана бастайды. Соның арқасында біз оның еңбектерінің жемісін көріп отырмыз.
Соның бірі Антисынғыштық. Бүгін жазба тарауымды соған арнамақшымын.
Аты құлаққа біртұрлі естілер, солай емес па? Өзінің концепциясына автор сөздіктеп мен кітаптарды қопарып шыққанына қарамастан түк есепсіз болғанын айтады. Оның ойынша, адамның қиын сәттерінде, күйзеліп, мең-зең болғанында, сынбай, керісінше алға қарай дамып, сондай стрессорлардың арқасында одан әрі күшті болуын антисынғыштық дейді. Кейбір заттар, ыдыс-аяқтар, мәселен, жерге тастай салсаң болды, сынады да кетеді. Адам ондай емес (11 қабаттан секірмесе). Адам эволюцияның әсерінен жақсы қабілеттерін танытып, өркендей түседі дейді. Сондықтан да әр кезде болып тұратын жаман күндеріміз, болып тұратын басмыздан өтетін келеңсіз, орынсыз, кездейсоқ, нашар жағдайлардың адамға жақсы әсері мен берері мол, ол адамды антисынғыш етеді дейді.
Ал енді өзіміз алып қалар болсақ, қазақша да кейде мачо-сымақ жігіттер кейде "анау қызды сындарам", "сынбайтын қыз жоқ" деген сөздерін естіп жатамыз ғой. Сондықтан бұл түсінік бізге мүлдем жат емес. Алайда, егер қыздар жігіттердің әсерлі сөздеріне не қылықтарын берілмесе, "туй, ол антисынғыш" екен деп айтпаймыз. Бұл жағынан енді кішкене оғаштау. Бізде ғана емес, басқа елдерде де антисынғыш деген сөз жоқ. Бірақ, біздің тіліміз бай ғой, бәлкім, кімде-кім тауып қалар.
Бір қызығы Нассим Талебтың жазу стилі шашыраңқы, бір ойды қозғап, екіншісін бітірмей, оқырманды көп-ақ алдайды. Бүкіл ойымызды әңгіме рамкасына салудың зиянды екенін атап та өтеді. Сондықтан да мен көп ойларын соңына дейін қуып жеттім ау деп ойламаймын да.
Қысқасы, ең басты мэссдж мында:
1. Стресс, кездейсоқ оқиғалар болмаса, эволюция да болмас еді. Адам арасында жақсы, жаман, әлсіз, күшті де боламушы еді.
2. Жаман сәттеріміз бізге үлкен, көп сабақ береді. Одан қашпауымыз қажет, оны жойып та керек емес. Күлкімен және оған менталды дайындықпен баруымыз қажет.
3. Өмірде бір нәрсеге ғана жабысып қалу болу керек емес. Таңдаулардың санын көбейте беруің қажет. Болмай қалса, басқа жақсы нұсқаң дайын болуы абзал.
4.Лидер болғын келе ме, "skin in the game"-ді ұмытпа. барынша беріл, жаудың астына өзің бірінші бар. Әсіресе саясатта. Бір елге соғыс ашса, ел басқарушы заң бойынша Бас қолбасшысы болғаны үшін, солдаттарды жібермес бұрын, өз намысын және ел бірегейлілігін қамту үшін, өзі саптың алдында тұру керек. Бұрынғы батырларымыз бен беделді шапқыншы басқарушылар (мәселен, шет елден алар болсақ, Напалеон Бонапарт, біздің хандарымыз) өздері нөкер-солдаттырының алдында болатын.
5. Мектеп, университет және басқа да мемлекет/білім мекемелерін көп күтпе. Өзің бизнеспен айналыс, өз білім шеңберіңді өзің кеңейте бер. Абай атамыз да солай айтып кеткен ғой, "өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап". Бұл классикалық тұрғы әлі өзгермеген көрінеді. Бұл жөнінде ол тіпті қатты сынға алып, қазіргі білімнің бар-жоқтығына қатты күмән келтіре отырып, ашынып жазған Талеб кезінде Уортон Бизнес мектебінде магистр атанып, Парижде докторлық қорғап шыққан кезінде.
6.Болжам келтіріп, мемлекетке кеңіс беретін адамдар болмау керек. Ешқандай болжам деген мүлдем болмау керек. Адам ешқашан ештеңені болжап біле алмайды. Статистикалық анализ жасап, терең оқып зерттемесек те, ол ешқашан 95/99 не 100 пайыздық нақтылықпен келмейді. Ақшамызды, уақытымызды соған кетіріп қажет емес. Егер кімде-кім болжам жасап көмектесем десе, жауапкершілікті түгелдей мойнына алсын деп радикалды түрде ойын жеткізеді. Тіптен адам аттарын атап, кімнің дұрыс-бұрыс жасап жатқанын жазып, сол атақты ғалым-саясаткер-аналиктерге бәріне шабуыл жасайды. Сондықтан да Талебты көбісі де онша-мұнша жақтыра бермейді.
7. Өте көп ұнатып жасатын бір фразасы бар: "absence of evidence is not equal to evidence of absence". Егер де көзіміз көріп, жетік білмеген затымыз болмаса, онда ол міндетті түрде оның жоқ екенін білдірмейді ғой, дейді ол. Адам баласы көп затты байқамайды, көз алдында тұрған затты да көрмейтін кездері болады. Бәріміздің ақымақ болатын кездеріміз болады деп бітіреді өз ойын ол.
Енді көп созбай былайша өз ойымды да айтайын: 500-ден астам беттік бұл кітапты мен өзім 3 күн бойы тапжылмай оқыдым. Түсініксіз жерлері көптен көп. Техникалық аспекттері өте көп, оларды мен қазыр қарапайым жалпы тілмен жеткісізп отырмын. Философия, математика,IT, биология, тарих, статистиканы, міне осының бәрін бірден түсінетін оқырмандар үшін арналған. Арасында өзінің өмір-баянын қозғап кетеді, жаңа идеялар топтамасын ұсынады. Өз басым, кітап ұнады. Goodreads-та адамдар екіге бөлінгендей: біреулері бұл кітапты жек көреді, дуалға лақтырып, таптап тастағандар да бар. екінші бетте бұл авторды жақсы көріп, ойларда ақылдың дәні бар екенін жеткізетіндер. Мен осының екіншісіндемін. Көп адамдардың батылы барып, айта бермейтін тақырыптардың басын ашып, қорықпай жазып, халыққа ұсынып жатыр. Біркелкі ойлайтын және өте мұқият, эмоцияға жол бермей сөйлеп, жазатын ғалым еңбектерінен соң мына кітап мүлдем басқаша, жабайы да көрінуі мүмкін. Алайда, оқып шыққан азаматтарға, ең болмаса менен үлкен ізет!
