Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ қоғамындағы әйел рөлі

Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ. Қазақ халқының түсінігіндегі әйел адамының маңызы ұлт болып қалыптасқанымыздан бері өте жоғары бағаланған. Оның жұмсақтығы, мейірімділігі және жанашырлығы ер адамдардан ерекше етіп тұратын басты факторлер болып табылады. Бұл тақырыпты одан әрі ашар болсақ, әйел адамның ерлерге қарағанда физикалық және эмоцияналдық(стресске шыдамдылық) тұрғыда әлсіздеу келетіні, алайда, сол кемшіліктерді басқа көптеген артықшылықтарымен толықтыратыны ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Бұлар: ерлермен салыстырғандағы ұзақ өмір сүру көрсеткіші, жақсы есте сақтау қабілеті, иммунитетінің жоғары болуы, және т.б. Бұған қоса, бала тәрбиесінде де ананың атқарар рөлі әкесінен жоғары тұратыны, жұмсақ мінезділердің балаларына әкеден қарағанда жақын тұратыны айдан анық. Содан болар, орта ғасырда қалыптасқан міндеттер, яғни, әйел адамның үй тірлігімен, бала тәрбиесімен ғана айналысып, мал табу, жұмыс жасау міндеттерінен босатылуы логикалық түрде өте орынды болған. Бірақ та, бүгінде, жаһандану дәуірі болып жатқан заманда қазақ ұғымында қалып кеткен сол ойдың қазірге уақытқа сай емес екендігі, және сол түсініктің өзгертілуі керектігі көп талқыға көтерілуде.

Тарихқа жүгінер болсақ, Араб түбегінде VI-VII ғасырдағы әйел адамының рөлі сол заманда үлкен сұрақтар астына алынып, өте төмен бағаланған. Сұрақтардың көптігі, бірақ та оларға жауаптың жоқтығы қоғам арасында бұл мәселенің шешілу жолында ілгері жылжымауына алып келді. Сол сауалдарға келер болсақ, олардың қатарында: “Әйел жұрты біз сияқты адамдар ма?”, “Олардың шынымен де біз секілді жандары бар ма?”,”Олардың жаратылу мақсаты неде?” және т.б. болды. Тіптен, мұның ушыққаны соншалық, отбасыда қыз баласының дүниеге келуін ұят көріп, әкелердің жаппай өз қыздарын тірідей көмуіне, әйелдің үй шаруашылығында өз құқығы мен ойы жоқ құлға есептелуіне алып келді. Бірақ, VII ғасырда келген Ислам діні , қоғам ішіндегі кикілжіңдер мен үлкен мәселелердің шешілуіне алып келді. Және солардың ішінде әйел тақырыбы бар еді. Ислам бұлағы болып саналатын Құран кітабында әйел мен еркек құқығының теңдігі, бірақ та әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болатыны жазылып кеткен болатын. Айта кетер болсақ, әйел адамның ердің қабырғасынан жаратылғанын, оның өте майысқақ болатыны жайында айтылған.

Орта ғасырдағы қазақ халқына қайта келер болсақ, ол заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз дінді берік ұстанып, әрбір қағидасын тұрмыс-салтына енгізген. Сондықтан болар исламда маңызы зор еркек-әйел ерекшелігін, теңдігін қатаң ұстанған. Ақын,Тұрмағанбеттің өлең шумағымен жеткізер болсақ:

Әйел көктен түскен жоқ,

Ол-еркектің баласы.

Еркек жерден шыққан жоқ,

Әйел-оның анасы.

Діннің заңдарын ескере отырып, бабаларымыз отбасы ішіндегі өзара қызметтерді бөлген. Жау жапқыншылықтары жиі болғандықтан болар, әскер болып, үйдің қамын ойлап, нанын табатын ер адам болса, бала тәрбиелеп, үй мен ошақтың қамын ойлайтын әйел заты болып тағайындалған. Яғни, атқарылатын істердің бөлінуінің өзіндік логикасы болған және заман талабынан туындаған.

Қазіргі уақытқа қайта келер болсақ, еліміздегі әйел теңсіздігінің жиі көрініс алатын орны ауылды аймақтар болып табылады. Қыз алып қашу, қыздың оқу орнын бітірмеуі, жұмыс жасау мүмкіндігінің берілмеуі, үйде қызметші рөлін ғана атқаруы - бәрі-бәрі бағдарламалар, жаңалықтар, токшоуларда қызу талқыға түсетін мәселелердің басым көпшілігі қалалық аймақтарда емес, керісінше, ауыл-аудандық жерлерде болып жатады. Мұның негізгі себебі - бұрынғы заманның түсінігінің қалып кетуінен. Яғни, олардың пайымдауынша, ислам түсінігінде әйел заты тек үйде жүріп, ошақ басының қамымен болуы керек. Ал, кәсіппен айналысу, үйдің нәпақасын табу - ол тек жанұя отағасының айналысатын міндеті болып табылады. Алайда, бұл ой түбегейлі қате. Мұндай қате түрде пайымдау дінді түсінбегендіктен және оны тек дәстүрлі жағынан қабылдауынан туындайды. Себебі, айтып өткеніміздей, бұл түсінік - орта ғасырдағы дінге сүйене отыра пайда болған шешім болып табылады. Ал, сол ой еш өзгеріссіз әлі де ұстанылып келеді. Бірақ та, заман талабы өзгергендіктен, мұның бәрі қайта қарастырылуы керек. Себебі, дін ескірмейді және ескі ойларды қажет етпейді. Ал қазіргі замандағы әйел мен еркек теңдігі мәселесі үлкен өзгерістерді талап етеді.

2
0
4878

Осы тақырып бойынша

Қазақ қоғамындағы әйел рөлі - Yvision.kz