Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Ант» драмалық дастаны

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 2-3 сәуір күндері сағат 18:30-да «Ант» атты драмалық дастан премьерасы өтеді.

Бұл спектакль Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қойылған.

Жазушы-драматург Тахауи Ахтановтың бұл шығармасы оның драмалық пьесаларының ішіндегі ең таңдаулысы да, шоқтығы биік туындыларының бірі.

Сахналық туындыда қазақ елінің тағдыры үшін күрескен ерлердің ерліктері, ойраттарды ойсырата жеңген «Ақтабан шұбырынды» және Ресейге қосылу кезеңдері оқиға өзегіне арқау болады.

 

Қоюшы-режиссері - Жанат Хаджиев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері

Қоюшы-суретші - Қанат Мақсұтов

Композиторы - Ермек Елгезеков,

ҚР Мәдениет қайраткері

Суретшінің ассистенті - Назым Қалиева

Режиссердің ассистенті - Бейбіт Камаранов

Режиссердің көмекшісі - Гүлфайруз Смаилова

   
0
0
460

Осы тақырып бойынша

Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Ант» драмалық дастаны - Yvision.kz