Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқының Ассамблеясы жылына арналған спорттық-бұқаралық іс-шара

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде «Адмирал» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының Ассамблеясы жылына және Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде спорттық-бұқаралық шара өткізілді. Департамент кызметкерлері және Республикалық брейк-дансерлер федерациясының арасында боулинг спорт түрінен жастарддың патриоттық сезімін арттыру, салауатты өмір салтын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жарыс өтті.
Ашылу салтанатында сөз кезегін Сыбайлас жемқорлықка қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Е.Жұмабай алып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Осындай спорттық іс-шаралар басқа да жастар қоғамдастықтарының арасында дәстүрлі түрде өткізілетіні туралы айтып өтті.

 
0
0
418

Осы тақырып бойынша

Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқының Ассамблеясы жылына арналған спорттық-бұқаралық іс-шара - Yvision.kz