Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 550 шақырымдық марафон

Ағымдағы жылдың 1-тамыз күні сағ. 10:00-де Ақмола облысы Бурабай ауданында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 550 шақырымдық марафоны басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның ел болып қалыптасуындағы тарихи кезеңнің маңыздылығын жас ұрпақтың санасы сіңіру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау болды.

Марафон  үш жүздің басын қосқан қазақ ханы Абылайдың Ресей, Қытай, Бұхара хандықтарының елшілерін қабылдауында көрініс тапқан Абылай хан алаңынан басталып, Ақмола облысы, Астана қаласы және Қарағанды облыстары арқылы өтіп,  бүгінде  белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі – Ұлытау жерінде аяқталады.

Ұзақ қашықтыққа жүгіруді елге танымал Күлпейісов Балғабай Көпжасарұлы мен Әбілов Қалибек Ислямұлы бастады.

Жүнісова Жанаргүл,  «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының төрағасы:  «Бұл шаралар қоғам бастамасы болып табылады және осы жылы қазақстандықтар атап өтетін мерекелерге арналады. Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы адамдармен – өз заманының батырларымен байланысты және қазіргі жастар олар туралы білулері тиіс».

 
0
0
397

Осы тақырып бойынша