Қазақ халқының астрономиялық көзқарасы
Қазақ халқының астрономиялық көзқарасы
Қазақ халқы бұрынғы кезден бастап, аспан әлеміне, жұлдыздарды зерттеуге қызыққан. Олар жылдың төрт мезгілінде де көшіп-қонып жүргендіктен, жұлдыздар олар үшін компас ретінде болды десек те болады. Жұлдыздарға қарап жол табу әдісі жазық далаларда, ашық теңіздерде ұзақ уақыт жүргенде пайдаланылған. Ол әдіс біртіндеп дамып, кейін түркі тілдес халықтардың бұйымдарына жұлдыздардың суреттерін салған. Бұлтсыз ашық аспанда, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай ақшыл жолақ көрініп тұрады, оны түркі тілдес халықтар «Құс Жолы» деп атаған. Құс жолы күз айларында айқын көрінетін. Құстар көктемде келгенде, күзде жылы жаққа қайтқанда осы жолақтары бойының бағытымен ұшатынын сол кезден-ақ байқаған. «Жетіқарақшыны таныған жеті жарық түнде адаспас» демекші, қазақтар жетіқарақшыға қарап жол тапқан. Ең алғаш «қарағшы», яғни «қарап тұрушы» деген ат қойған екен. Сонда ежелгі қазақ халқының түсінігі бойынша, ол сол төңіректі жыртқыш аңдардан, жын-шайтандардан қорғап, күзетіп тұрады деп ойлаған.
Қазақ халқы кейбір құбылыстардың аспан денелерімен байланысты екенін байқаған болатын. Сол кезден-ақ әр түрлі есептеулермен, бес саусақтың жалпы он екі буыны бар екенін анықтаған және ол, мысалы ай ретін санауға, мүшел есебін жүргізуге, бір күндегі сағат санын есептеуге қолайлы болатын. Мысалы, төрт саусақ, жылдың төрт мезгіліне сәйкес келетін :
1. «Балаң үйрек» көктем мезгілінің наурыз, сәуір, мамыр айларын
2. «Ортан терек» жаз мезгілінің маусым, шілде, тамыз айларын
3. «Шылдыр шүмек» күз мезгілінің қыркүйек, қазан, қараша айларын
4. «Кішкентай бөбек» қыс мезгілінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларын көрсеткен.
Саусақтар бірдей болмағандықтан, олардың ұзындықтары бойынша да ерекшелінген, мысалы, «Ортан терек» ең ұзыны болғандықтан, бұл Күннің ұзаратынын, ал «Кішкентай бөбек» Күннің қысқаратынын көрсеткен.
Ең алғаш аспан денелері зерттелініп, кейін оны түсіндіру үшін басқа да салалар пайда болған. Бұрынғы кезде, аспан денелерін көзбен– ақ бақылайтын, ал қазіргі кезде техниканың дамуымен, әр түрлі диапазондағы телескоптар пайда болды. Қазіргі кезде, ең үлкен телескоп, Қытай еліндегі FAST телескобы, оның диаметрі 500метрді құрайды.
Барлық деректерді қарастыра отырып, ұлттық ой-сананың, білімінің қазақ халқының қосқан үлесі өте зор. Біз, қазақ жастары, ата-бабаларымызға анықталған деректерге үлкен алғысымызды білдіреміз. Астрономия саласы әлі де зерттелініп жатыр, анықталмаған құбылыстар әлі де бар. Қазіргі кезде астрономдар, сол анықталмаған құбылыстарды анықтаудың жолдарын іздестіріп, зерттеу жүргізілуде. Әлі де артымыздағы ұрпаққа қалдырар деректер анықталынады.
Жетекшісі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің доценті: Жанатаев Д. Ж.
Жазған: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты: Тузелбай М. Ы.
