Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ дубляжының алтын дауысы еді...

Түні бойы өзіңді ойлаумен өтті уақыт...

Оқыған өлеңдеріңді тыңдап отырамын кейбір құлазыған сәттерде.

.

Менің бір арманым болатын: бір сахнада өзіңмен концерт жүргізу. Қазақ дубляжының алтын дауысы едің, мәселен. Өзің ойнаған драмаға бару- Алматыға асығуымның себебі де болатын. Жасындай жалт етіп өткенің ауыр тиді менің жаныма. Арманымның енді орындалмасын ойласам, жүрегім езілердей күй кешемін. Бірақ... Алла пәк жүрегімнің нендей күй кешіп жүргенін түсінді-ау деймін, мені өзіңмен түсімде жолықтырды. Таң ата көзім ілініп кеткенде болған тәрізді. Екеуміз егемен еліміздің еңселі елордасында республикалық деңгейдегі концертке дайындалып жатқан екенбіз... Маған:" Жұлдыз, ақ көйлегіңді кисең бола ма?! Өте жарасымды көрінеді" деп жымия қарадың. Сол сәтте нендей күйде болғанымды құр сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Көзіме жас та алып үлгердім. Өңімде- есімдесіз, түсімде- біз біргеміз...

Жаның пейіште болсын, Шалқар ағам!!!

0
1
1510

Осы тақырып бойынша

Қазақ дубляжының алтын дауысы еді... - Yvision.kz