Қазақ – дария кеуде қариясын сыйлаған ұлт. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді біздің халық.
Қазақ – дария кеуде қариясын сыйлаған ұлт. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді біздің халық. Дана халқымыз айтқандай, қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. О.Исаев атындағы мектеп ұжымы " Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ауылдағы 18 тыл, еңбек ардагерлері мен ақ жаулықты әжелер отбасына барып, халдерін сұрап, наурыз мерекесімен құттықтадық. Сұхбат барысында көп балалы Мария әжеміз балаша қуанып, өмірінің қиын сәттерін еске алып әңгімелесе, Шолпан әжеміз мектеп өмірінің жетістіктеріне риза болатынын мақтанышпен жеткізді. Жүздескен қариялардың барлығыда саулық сұрасқанға бір марқайып қалғандай болды. Әрқашан қайырымы мол іс жасап, үлкендердің алғысына бөлене берейік!
Нравится
Комментировать
Поделиться
