Қазақ айдаһары — Мұстафа Өзтүрік

Мұстафа Өзтүрік ағамыз 24 қараша күні 1954 жылы Түркия елінде дүниеге келеді. Таэквондодан 7-шы Дан иегері. Бұл таэквондодан барша мұсылман әлеміндегі алғашқы әрі соңғы жоғары дәреже еді. Осылайша ол аңызға айналды.
Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты.
Таэквондодан Республикалық федерация құрып соның президенті болады. Ел тарихында алғаш рет таэквондистерді халықаралық жарыстарға Түркияға және Америкаға апарып ірі жеңіспен оралады.Бүгінде әр аймақ, облыстарда таэквондо мектептері ашылған. Өрімдей қазақтың қыз-жігіттері Мұстафаны пір тұтады.
1995 жылы Алматыда белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, Стамбұлдағы әкесі жатқан бейітке жерленген.
«Мен әлемді көрдім, — дейді Мұстафа, — енді өз елімді көрдім. Несін айтасыз, үлкен айырмашылық. Сондықтан еліме өз біліміммен, күшіммен көмектесу үшін елде қалуға шештім»-досы.
P.S.
Еуропа елдерінің тілдерімен қоса кәріс, қытай, жапон тілдерін білген.
Достарының айтуы бойынша Мұстафа ағамыз бір кездері данықты шығыс жекпе-жегінің шебері "айдаһар" БРЮС ЛИ мен бірге жатыққан дейді.
