Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазаққа тағы бір дерт жұқты ма әлде өзіміздің төл мерекеміз құрдымға кетіп барады ма?

Қазаққа тағы бір дерт жұқты ма әлде өзіміздің төл мерекеміз құрдымға кетіп барады ма?

Бүгін қазақ жерінде тағы да жат мереке тойланып кетті. Тағы да деп отырғаным, оның алдында Атыраулықтар үнді филімдерінен көріп алған бояулармен жуыну немесе бояумен атысып ойнау мерекесін тойламақшы болған. Ол ол ма, жас әншіміз Аша Матайдың құрбыларымен қыз ұзату тойының алдында үнді стилінде жасалған мрекесі барлығына сын болды. Енді бұны көрген жас ұрпақ бұдан сорақысын қайталамасына кім кепіл? Жастар арасында өзіміздің төл мерекелеріміздің кенінен насихаттай алмай жүргеніміз осындай келеңсіз жағдайлар орын алғаннан кейін ғана байқалып қалады. Ал енді, бүгін, яғни 31 қазан күні телеарна жүргізушілері мен қазақ жастары қандай мерекені тойлады? Осыған оралайық.

«Хэллоуин» мерекесінің ең бірінші этимологиялық мағынасына тоқталайын. Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігіне жүгінсек  «Хэллоуин» сөзі алғашқы рет XVI ғасырда: шотланттың қысқарған ағылшын сөзі All-Hallows-Even (қаз. барлық киелілер түні). Ал енді қысқаша тарихына көз жүгіртейік. Хэллоуиннің шығу төркінінің зерттеуші Николас Роджерстің айтуынша, ежелгі Римнің Паренталий мерекесімен қаншама байланыстырғысы келгенімен, ол мерекесі келттік пұтқа табынушылық Самайн мерекесінің шығуынан туындаған. Бұл Самайн мерекесі ирландықтардың Samhain сөзінен шыққан, яғни «жаздың соңы». Кейіннен ол ноябрь (қараша) айы атауына ұласып кетеді.

Енді бұл мерекенің символдарына көшсек. Асқабақтан жасалған шам – келттік дәстүрге сай адамдардың аруақтарын қыл көпірге жетелейтін жол.

Бұл меркенің киетін кәстүмдері бертін шықса керек-ті. Себебі 1895 жылы алғашқы рет тіркелген көрінеді. Шотланттық балалар әр түрлі құбыжықтарды бейнелейтін маскаларды киіп үй-үйді аралап, түрлі тәтті тоқаштар мен кәмпиттер алған.

Өз ұлтымызға еш қатысы жоқ мерекелерді осы біз тойлауға құмармыз. Және де осыған қарсы мемлекеттің ешқандай шара қолдана алмай жүргені адамды қыңжылтады. Мынадай керемет сөз бар: «Салт-дәстүрін ел бұзбас, уәде-сертін ер бұзбас!» Сонда біздің ел салт-дәстүрін бұзып, ерлері сертін бұзғаны ма? Себебі атадан мұраға қалған салт-дәстүрімізді сақтап қалу – ұлт аманаты емей немене?

Ұлт көсемі Әлихан атамыз айтқандай: «Мәдениетті кісілер дәстүр аттамайды!» Дәстүрімізді жастардың аяқ асты етуі жарамас. Бүгінгі күні салт-дәстүр өте өзекті мәселеге айналды. Оны енді сақтап қалудың жалғыз жолы мектеп бағдарламасына жеке «дәстүр» пәнін енгізуді ұсынамын. Себебі: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» – дейді дана халқымыз. Мектеп – білім беру ошағы, осы жерден жастар өзіне білімді де, тәрбиені де, дәстүрді де алып шығуы тиіс.

Кереку баласы

 
1
0
586

Осы тақырып бойынша