Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазҰУ әлемдік білім беру технологиялары нарығында

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоғары білікті ғылыми кадрларды, яғни философия докторларын (PhD) даярлауда ҚР жоғарғы оқу орындары арасында танымал көшбасшы болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азиядағы ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып университеттердің Ұлы Хартиясына қосылды және кадр дайындауда «бакалавр-магистратура-докторантура» үш сатылық білім берудің жаңа жүйесіне көшті.

Докторлық дәрежені алу екі бағыт бойынша қолжетімді – профильдік және ғылыми-педагигокалық. Оқу кезінде келесі пәндер оқытылады: «Конвективтік жылу теориясының таңдаулы мәселелері», «Сұйық отын жануын есептеу кезінде турбуленттіліктің статистикалық моделі», «Жану камераларында жылу массасы тасымалының процестері», «Көміртозаңды отынның жануы кезінде пайда болатын физика-химиялық процесстерді модельдеу» және басқалары. Оқытуды «жылу физикасы және техникалық физика» кафедрасы меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Болегенова Салтанат Алихановнаны, ҚазССР еңбек сіңірген қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Аскарова Алия Сандыбаевнаны, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мажренова Найля Рахимбековнаны, техника ғылымдарының докторы Мессерле Владимир Ефремовичті, физика бойынша PhD докторы Болегенова Сымбат Алихановнаны және басқа да оқытушыларды қоса алғанда  жоғары біліктіліктегі профессорық-оқытушылар тобы жүргізеді.

Бөлегенова Салтанат Алихановна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Физика-техникалық» факультеттің «Жылу физикасы және техникалық физика» кафедрасының меңгерушісі. 2007 жылғы «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» және 2013 жылғы «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» марапаттарының жеңімпазы. Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының мемлекеттік бюджеттік зерттеу тақырыбының орындаушысы болып табылады. 115 жариялымы, 2 монографиясы бар, 18 әдістемелік құрал соавторы болып табылады.

Профессор Аскарова Алия Сандыбаевна – 2006 жылғы «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» және 2010 жылғы «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» марапаттарының жеңімпазы. 2009 жылы №3036 Құрмет орденімен марапатталды. Қазіргі уақытта физика-химиялық реактивті орталарда жылу және қатты отынмен байланысты және жылуэнергетиканың экологиялық проблемаларын шешуге байланысты конвективтік жылу және масса трансформация процестерін математикалық және компьютерлік модельдеу сұрақтарымен айналысуда. 535 астам ғылыми және әдістемелік басылымдары, халықаралық (Германия, АҚШ, Греция, Португалия, Франция, Англия, Жапония, Канада, Италия, Марокко, Пәкістан, Түркия және т.б.) конференцияларда баяндамалары бар, олардың 20-сы импакт-факторы бар ғылыми жарияланымдардың рейтингінде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында тоғыз лаборатырия жұмыс істейді – наноғылым және нанотехнология, наноинженерия және наноматериалтану, Қазақстандағы жүргізілетін нанотехнологиялық зерттеулердің нанотехникалық және техника экономикалық сараптамаларын ұйымдастыру аумағында фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді жүргізуді іске асыратын ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық лаборатория (АТҰНЛ); Қазақстанның өндірістік шарттарына бейімделген №131 криофизика және криотехнология лабораториясы; №233 жылу және жаппай тасымалдау лабораториясы; №236 компьютерлік модельдеу лабораториясы; № 242, № 249 арнайы практикум лабораториясы; № 246 көпкомпонентті газды ортадағы жылу және масса тасымалының лабораториясы, сондай-ақ Ғылыми-технологиялық парк және Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (NIIETF).

ҚазҰУ негізінде жоғары сапалы және заманауи білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер үйінде және студенттік кампуста WI-FI сымсыз Интернет желісінде жұмыс істейді. Кампус аумағында толық білім алу және бос уақытты өткізу үшін толық кешен бар: жаттығу залы, спорттық алаңдар мен секциялар бар тамаша спорт кешені, студенттерге арналған барлық білім беру, әлеуметтік, медициналық, сауда және ойын-сауық қызметтері бар «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, өз кинотеатры, оқу залдарының желісі, 300 адамға арналған Интернет-кафе. Университетте кітаптардың бай көптүрі, 2 миллионнан астам данада кітаптары бар кітапхана жұмыс істейді.

Оспанова Ш.С., Асембаева М.К.

жылуфизика және техникалық физика кафедрасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

0
0
937

Осы тақырып бойынша

ҚазҰУ әлемдік білім беру технологиялары нарығында - Yvision.kz