Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазҰУ-дың студенттері Алматыдағы IT-колледжіне барып, іс-тәжірибеден өтті.

Біз, 205-ДИЯ студенттері, қыркүйектің 2-ші жұлдызынан бастап IT- колледжде іс-тәжірибеден өту барсында, көптеген қызықты ақпараттар жинап, қазіргі заманның талаптарына сай өз ісінің шебері болуды үйрендік. Колледж қабырғасында аптаның 1 күнін таңдап, әр студент 1 сабаққа қатысып, мол тәжірибе жинадық. Ұжыммен жұмыс істеуді, оқушылармен сабақ жүргізуді, сабақ барысында өзінді қалай ұстау керектігін бойымызға сіңіріп, ұмытылмастай сабақтарды түйдік. Мұғалімдердің ұстаздық этикасы, ұстаз болу тек сабақ беру ғана емес, сонымен қатар, білім алушыны жаңа нәрсеге ынталандыру, қабілетін ашу, қызығушылығын ояту керек екенін түсіндік. Оқу жоспарын және сабақ жоспарларын жасап үйрендік. Оқушылармен де тез танысып, әр оқушының сабақ үлгерімін сабақ барысында байқап, саралап, керек жерде көмек қолын создық. Өз мамандығымыздың білікті маманы болуға дайынбыз!

0
0
291

Осы тақырып бойынша