Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазҰУ - білімділер ордасы

Еліміздегі алдыңғы қатарлы жо­ғары білім ордасы Әл-Фараби атын­дағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің бүгінгі таңда еңсесі биік. Университет алғаш құрылған кезден бастап күні бүгінге дейін басынан сан алуан тарихты өткізе отырып, қоғам өмірінің барлық салалары үшін білікті маман даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келеді. Елбасымыздың «Біз ҚазҰУ бастаған тоғыз ұлттық  университетке үлкен үмітпен қарай­мыз. Олар отандық жоғары білім берудің негізгі жон арқасы болулары тиіс», – деген ҚазҰУ-ге берген оң бағасы осыны дәлелдей түспек. Университет аумағында заманауи оқу ғи­мараттары, кітапханалар, мұражай, интернет-ор­талық, тамақтандыру комбинаты, спорт кешені және стадион, Студенттер сарайы мен кинотеатр, жайлы жатақханалар бар. ҚазҰУ бүгінде – жаңа білім, тың идеялар мен технологиялар орын алып жатқан ірі ғылым-білім және инновация орталығы. Айтулы оқу орнында еліміздің әр аймағынан және алыс, жақын шет елдерден келген мыңдаған студенттер оқиды. Әрине, біз үшін бұл үлкен жетістік. Университет  халықаралық стандарттарға сай білім бағдарламасына толығымен көшіп, бакалавр, магистратура және докторантура сатысында білікті кадрлар дайындалуда. ҚазҰУ әлемдегі көптеген аса ірі университеттермен тығыз әріптестік орнатқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізгі мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына сүбелі үлес қосатын, экономикалық және әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге қабілетті, заманауи, жаңашыл, жан-жақты мамандарды даярлау. Оның үздіктер қатарына енуіне сол ҚазҰУ қабырғасында талай жылдар еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп келе жатқан аға да, ақылшы ұстаздардың ерен еңбегін ескермей кетуге болмас. Елдің болашақтағы әлеуеті, қуаты, «мәңгілік елдің» шаңырағын ұстап тұратындар жастар болса, солардың ұлт потенциалы бола алуын қамтамасыз ететіндер-ұстаздар. Ал, жоғары оқу орнының студенті алдында тұрған негізгі міндет-әр адамға қажетті білім, білік, дағдыны меңгере отырып, Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды ұлтының мүшесі атына лайық болу.

0
0
277

Осы тақырып бойынша

ҚазҰУ - білімділер ордасы - Yvision.kz