ҚазҰУ - Қазақстанның ең үздік университеті!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан Республикасындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз еліміздің жоғарғы оқу орындарының арасында шоқтығы биік, қашанда дара тұратын білім ордасы. Бұл мәртебеге қол жеткізу оңай болған жоқ. Аталған оқу орны мәртебелі жетістіктерге құрылған күннен бүгінгі уақытқа дейінгі ғасырға жуық 80 жылда, қалыптасу мен дамудың, бірнеше буын өкілдерінің, университет басшыларының, жалпы оқытушы-профессорлар құрамының қажырлы еңбегінің нәтижесінде жетіп отыр.
Түркі халықтарының халықаралық конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Түркі елдері арасындағы үздік ЖОО» атағын берді.
ҚaзҰУ-дың үздік унивeрситeттeр қaтaрындa eкeнін QS World University Rankings хaлықaрaлық рeйтинг нәтижeлeрінeн бaйқaуғa болaды. Қaзіргі кeздe унивeрситeт ұжымы мeн бaсшылығының бaрлық күш-жігeрі Eлбaсының aлғa қойғaн міндeтін жүзeгe aсыруғa жұмылдырылғaн. Қaзaқстaнның әлeмдік білім-ғылым кeңістігіндeгі орнын тұрaқтaндыру, aдaм кaпитaлы мeн білімгe сүйeнгeн экономикaны дaмытуғa үлeс қосу.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиада алауын жағу салтанаты бұйырды. 2017 жылдың 29 — қаңтар күні ҚазҰУ-де Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің қатысуымен өткен, бас қаламыз Астанада басталып, барлық қаламызды шарлап, бізге келіп жеткен Универсиада алауын жағу салтанаты өтті. Универсиада алауын ҚазҰУ студенті, Жастар комитетінің төрайымы Айсұлу Ерниязова жағып, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке табыстады. Қала әкімі алау эстефетасын Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге жеткізді. Алау ұстаған жандармен бірге бүкіл қазақ даласы жеңіске аяқ басқандай. Тарихта аты қалатын әлемдік Универсиаданың болашақ жастарды тәрбиелеуге, елінің нағыз патриоты болып қалыптасуына ықпал етері анық. Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Қытай, Ресей және т.б. елдердің спортшылары Универсиданың ашылу салтанатына жоғары бағаларын беріп, ұлттық киім үлгілерін интернет парақшаларына жазып жатты.
Университетімізде дәстүрге айналған «Қош келдің, әз-Наурыз» мейрамын университет деңгейінде атап өтті.
ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті Тоқсейіт Назгүл.
Жетекші: Рахымбаев Аят
