Қаз, мұнай және газ
Бензиннің қымбаттауы мен тапшылығы жыл жаңалығы болды десем артық айтпаспын. Еліміздегі жанармайдың бөлшек сауда нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығынан күрделі жағдай туғызды. Кейін шілде айында жанармай жағдайы одан әрі қиындай түсті.
Осы жылғы бензиннің қымбаттауы мен тапшылығы кезінде "ҚазМұнайГаз" АҚ компаниясы тарапынан біраз істер атқарылғаны рас, атқарылып та жатыр. Мысалы, мұнай өндіру көлемін ұлғайту, бензин бағасын бірқалыпты ұстау, және т.б. жұмыстар жасалды. Осылар туралы ашып айтып кетсек.
Бұның басы жанармай бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін дегеннен басталды. Астанада өткен брифинг барысында "Қазмұнайгаз - қайта өңдеу және маркетинг" АҚ топ-менеджерлері осы туралы бірер сөз қозғады.

- Бүгiнгi баға көтерiлуіне байланысты анықталған екі негізгі фактор – ұлттық валютаның тiкелей құнсыздануы болса, екіншісі мұнай өнiмдерінің маусымдық жоғарылауы. Сондықтан қай жағынан алып қарасақ та, бағалардың көтерілуі негізді. Біз мемлекет тағайындаған заңын бұза алмаймыз, - дейді , «Қазмұнайгаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары Ерлан Қойбағар.
Шекті бағаны белгілеу ережесінің арнай формуласымен мемлекеттік органдар өздері бағаны көтеруге, түсіруге құқылы. Жалпы 92 маркалы бензиннің 30 пайызын Ресейден алу арқылы қамтамасыз етіп отыр. Олардың бағасы көтерілу себебі Ачинск қаласында бензин заводында авария болып, жылдың аяғына дейін өндіріс тоқтап қалды. Сол себепті Ресейде бензин бағасы көтеріліп кеткен.
АИ-92 маркалы бензин бағасы бiздiң валютамызбен алғанда наурыз айындағы 149 теңгеден шiлде соңында 165 теңгеге дейiн артты. Сонымен қатар, Ресейде дизельдiк отын құны 164 теңгеден 178 теңгеге дейiн қымбаттады. Бұл уақыттың iшiнде Қазақстандағы бензин бағасы 115 теңге деңгейiнде тұрақты түрде сақталып тұрды. Ресейден бензин жеткiзу тиiмсiз болғаннан кейiн оны жеткiзу көлемi де төмендедi.
Естерiңiзге сала кетейiк, шiлде айының соңында Ұзақбай Қарабалин ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында «1 тамыздан бастап бензин және дизельдiк отын бағасы өзгермейді және ай соңына дейiн сақталады», - деп мәлiмдеген болатын.

Кейіннен, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансаларында жанар-жағармай үзіліссіз өткізу және бөлшек сауда нарығын молайту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдана бастады.
Қазақстанның белгілі бір өңірлерінде (Орал, Көкшетау, Қостанай және Алматы қалалары) мұнай өнімдерінің тапшылығы бойынша ағымдағы жағдайға қатысты жекеменшік ЖМҚС-ларда белгілі бір отын түрлерін сатудың тоқтатылуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде өткізудің айтарлықтай артқандығы байқалды.
Ақмола облысындағы «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да АИ-92 маркалы бензинін өткізу талондар арқылы жүзеге асырылды. Жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылданып, аз уақытта жанармайдың сатылуы қалыпты режимге түсті.
Қостанай қаласында «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да дизель отынын босатуға шектеу (бір уақытта 300 литрге дейінгі көлемде) енгізілді. ҚМГ жанар-жағар май құю стансаларында жағдай тұрақтанды, өйткені мұнай базаларында отынның жеткілікті көлемі бар болатын.

Жалпы алғанда, еліміздің басқа өңірлеріндегі «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май құю стансаларында шектеулер жойылды, сонымен қатар Орал және Алматы қалаларында ЖЖМ өткізу шектеусіз жүзеге асырылып келеді.
Ресейдегі жанармай тапшылығы бізге де әсерін тигізді. Ол туралы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин былай мәлім еткен:
- Соңғы кездері Ресейде орын алып жатқан жанармай тапшылығын біздің ел де сезінуі мүмкін. Себебі, Ачинск мұнай өңдеу зауытында орын алған апаттың салдары мен Ресейдің жанармаймен қамтуы тиіс бірқатар аймақтарының пайда болуына байланысты ендігі жерде олар өздерін-өздері жанармаймен жарылқауы тиіс. Бұл орынды әрі өзекті мәселе екендігін түсініп, біз де қарап отырған жоқпыз. Мәселенің алдын алу мақсатымен, «ҚазМұнайГаз» АҚ бірқатар келіссөздер Әзірбайжан мен Түркіменстаннан жанармай жеткізу жайын талқыладық. Қазіргі кезде әзербайжандық «SOKAR» компаниясы мен Түркімен елінің осы салада қызмет ететін компания өкілдерімен келіссөздер жүргізудеміз.
Отандық нарықтағы жанар-жағармай жетiспеушiлiгiне байланысты Қазақстан Әзiрбайжан мен Түрiкменстаннан жанармай жеткiзу мәселесiн қарастырды. Келiссөздер жүргiзiлiп, бүгiнгi күнi 69 мың тонна бензин жеткiзу туралы келiсiмге қол жеткiзген. Қазiргi уақытта жұмыс осылай жүргiзiлуде. Демек, келiсiлген көлемнiң өзiн зауыттар бiзге бере алмай отыр. Сондықтан, «ҚазМұнайГаз» басқа тараптармен де келiссөздер жүргiздi. Қазiргi уақытта әзiрбайжандық Сокар компаниясының бензин жеткiзу мүмкiндiктерi қарастырды. Сонымен қатар, Түрiкменстаннан да жанармай жеткiзу мәселесi қаралуда. Бұған қарамастан, жетiспей жатқан бензиндi толғымен қамтамасыз ету мүмкiн болмай тұр. Сондықтан, бiздiң мұнай өңдеушi зауыттарды мүмкiндiгiнше жүктеп жатыр. Олар бүгiнгi күнi рекордтық көрсеткiштерге шығып отыр.
Қазақстан үкіметі ішкі нарықта мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің тапшылығы проблемасын шешуге бағытталған шаралар кешенін іске асырады, бұл ретте кезекті бағаны көтеруге жол бермейді.
Қазiргi жағдайда бiздiң Қазақстанның мұнай өндiрушi зауыттары нарыққа қажетті жанармайдың үштен екi бөлiгiн ғана шығарады. Оның үштен бiр бөлiгiн Ресейден импорттайды. Ал Қазақстан мен Ресейдегі мұнай өнімдері бағасының арасында өте үлкен айырмашылық бар. АИ-92 бізде 128 теңге тұрса, Ресейде 160 теңге тұрады. Ал дизельдік отынның бір литрін бізде 115 теңгеге сатып алуға болса, Ресейде ол 172 теңге тұрады.
Жағымсыз экономикалық эффект пен болуы мүмкін шығынға қарамастан 2014 жылдың тамыз айында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ресейлік компаниялармен ("Башнефть", "ЛУКОЙЛ" және т.б) 34 мың тонна мұнай өнімдері импорты үшін қосымша келісімшарттар бекітті, оның ішінде, АИ-92 маркалы бензині - 10 мың тонна, АИ-95 - 5 мың тонна, дизель отыны - 19 мың тонна болды.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС компаниясы Қазақстан нарығындағы өз қызметін 2009 жылдың сәуір айында бастап, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағар май станцияларының жүйесі мен мұнай өнімдері мен газдың көтерме-бөлшек саудасы үстінен толық қаржы және жедел бақылуын жүзеге асыра бастады.
«ҚазМұнайГаз» АҚ — «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» АҚ-ының 100% еншілес компаниясы.
Компания «ҚМГ-Жайық» ЖШС, «ҚМГ-Астана» ЖШС және «ҚМГ-Алатау» ЖШС сияқты «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес ұйымдарының құрылымдарын оңтайландыру нәтижесінде құрылған болатын. Бұл орайда «Shell Global Solutions» сараптамалық ұсыныстарын қоса алғанда, көтерме-бөлшек сауда жүйесін басқаратын вертикальды-біріктірілген халықаралық мұнай газ компанияларының озық тәжірибесі ескерілген еді.
Мұнай өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасымен айналысатын бірыңғай компанияны құру туралы шешімі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ының Ұзақмерзімді стратегиясына сәйкес қабылданған болатын. Қайта құрылымдаудың мақсаты — нарық өзгерістері мен тұтынушылардың тілек-мұқтаждарына ілтипатпен және жедел жауап беруге қабілетті компанияны құру. Жаңа құрылым бизнес-процесстерді едәуір жақсарту, шешімдерді қабылдау жолындағы мөлдірлікті арттыру, операциялық шығындарды қысқарту және қайталанатын басқарма қызметтерін жою мүмкіндігін берді.
Компания қызметінің негізгі бағыттары:
- Мұнай өнімдері мен газдың көтерме және бөлшек саудасы.
- Сұйытылған газды сату.
- Жанар-жағар май станцияларын, мұнай базаларын, газбен толтыру станцияларын, автомобильдік газбен толтыру компрессорлық станцияларды пайдалану және жөндеу.
- Мұнай өнімдерін сақтау бойынша қызметтерді ұсыну.
Қорытындылай келгенде, қымбатшылықтан кейін бағасы өсімі реттеліп, бәрі тұрақталды. «KAZENERGY» қауымдастығы арнайы «дөңгелек үстел» ұйымдастыру арқылы біршама мәселелердің шешімін тапты. Ресей мен Қазақстан арасындағы көтерме сауда бағасындағы айырманы теңестіру арқылы жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі Үкімет қабылдаған шараларды мақұлдады.
Осы секілді уақытылы әрі ұтымды жасалған шаралардың арқасында, бүкіл елді алаңдатып отырған ахуалдың оң нәтижесі болып жатыр.
