Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қайырымдылық жәшігінің қайырымы мол

«Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында аудан бойынша қайырымдылыққа арналған жәшіктер орнатылуда, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Байыпты бастамаларға себепші болып жүретін аудан жастары тағы бір істі жақсы жағынан насихаттап, кәсіпкер жандармен бірлесе жұмыс атқаруды қолға алды. Тәуелісіздіктің 30 жылдығы аясында аудандық мәслихат депутаты А.Балажанова, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала және ауылдық округтердегі дүкендер мен шағын маркеттерге «Қайырымдылық – қадірлі іс» атты ұранмен көлемді жәшіктер орнатылуда. Оның барлығына тұрғындар өз мүмкіндігінше азық-түлік пен тұрмысқа қажетті әрі шаруашылық заттарын қалдырып, мұқтаж жандарға осылайша жан-жақты қолдау көрсете алады. Қайырымдылық жәшіктерде жиналған заттардың бәрі пайдалануына қарай уақтылы сұрыпталып, қарасайлық еріктілер арқылы көмекке зәру адамдарға жеткізіледі. Күні бүгін бұл жәшіктердің біразы аудандық мәслихат депутаты О.Чебоненконың қолдауымен Қаскелеңдегі «Алатау» сауда үйінде орналасқан «Magnum» супермаркетінде орнатылды. Сонымен қатар, Береке ауылындағы «Жетісу» және Жамбыл ауылындағы «Адлан» дүкендеріне және Шамалған ауылындағы «Нұр-ай» шағын маркетіне қойылды. Ұйымдастырушы тарап аталған сауда орындарымен бірігіп осы істі атқарып жатқандықтан, өз аттарынан олардың басшыларына алғыстарын жеткізуде. Алдағы уақытта қайырымдылық мақсатта пайдаланылатын жәшіктердің біразы аудан бойынша басқа да дүкендерде орнатылатын болады.

0
0
487

Осы тақырып бойынша

Қайырымдылық жәшігінің қайырымы мол - Yvision.kz