Айтшы жаным «Аудио өлең (Аудио поэзия)»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Султонали Рахматов «Карвон»
Бейнематериал авторы – Гулжигит Сатибеков «Бакыт издейм»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Айтшы жаным, кеткенің бе, осылай?
Мүмкіндіксіз, қоштасуға бұрылмай.
Бұл түсім бе, әлде өңім, бұл қалай?
Кеш қалдым ба, өзгерісті байқамай.
Оятыңдар, ояна алсам, оянайын мен,
Басып жатыр, енді сезім, өте ауыр жүгімен.
Кісең салдың аяғыма, жылаудамын мен,
Сынақ салып, осылайша, кеткенің бе сен?
Ақылымнан адасқандай, сенделуде мен,
Елес – елес, жан жағымда, кешегі көзің.
Бой бермедің, енді тағы, тағдыр ойыңмен,
Ей тағдырдым, әлде бар ма, жұбатар сөзің.
Үмітімсің, үмітсің, мен үзбейтін жалғанда,
Кете бердің қалай тастап, мені жалғыз боранда.
Шешім, шешім қандай болу, керек екен тағдырда?
Мәңгі күрес, арпалысу, қалды менің, ойымда.
Жылап тұрмын, қолды бұлғап, арманға,
Ізгі ниет, жалтақ қарап, бар маңға.
Сынадың ба, мені әлде, бата алмадың ба, айтуға?
Кеткенің бе, енді мүлдем, мені айырбастап, басқаға.
