Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік орган басшыларымен кездесу
Ағымдағы жылдың 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы Б.А.Исаковпен, қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақтау мәселесі бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың басшыларымен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында аумақтық департамент басшысы Б.А.Исақов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, сондай-ақ БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, БҚО экология және БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері тарапынан өткізілген қайта ұйымдастыру рәсімдері барысымен егжей-тегжейлі танысты.
Жүргізілген кездесу нәтижесі бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік орган басшыларына, мемлекеттік органның қызметін қайта ұйымдастыру барысында ағымдағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің негізсіз жұмыстан босатылуына жол берілмеу мәселесіне қатысты нақты ұсыныстар берді.
