Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндіріс әлеуетін арттыру бойынша семинар өтілді
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған жолдауының үшінші бағыты бойынша 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Осы ретте, қаланың қайта өңдеу кәсіпорындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өндіріс әлеуетін арттыру мақсатында Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан «Эм-Нұр» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін мекемесінде семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Каныбеков Асқар Сакенұлы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларға жеке-жеке талдау жүргізді. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенінде іске асырылған және асырылатын жобаларға сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтарға кеткен шығындарды 25% дейін өтелетінін атап өтті. Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша 2019 жылға бюджет қаралғанын атап өтті. Өңдеу өнеркәсібін қолдау мақсатында әуежай маңынан 136 га алаңында «Shymkent» агроиндустриялық аймағы және де 20 га алаңда көтерме-тарату орталығы (КТО) құрылатыны туралы баяндады. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорынан келген мамандар кәсіпкерлерге арналған несиелер, кепілдіктер сонымен қатар қалай несие алуға болатындығын шаруаларға егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарасының ұйымдастыру-құқықтық және әкімшілік бөлімі
