Қайрымдылық волонтерлықтың ажырамас бөлігі
Волонтер жылының қарсанында әл - Фараби атындағы халықаралық құқық факультетінің халықаралық құқық мамандығының екінши, үшінші, төртінші курс студенттері қауымдастырылған профессор Алтаева К.Ж. басқаруымен қайырымдылық шарасын өткізді. Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйіне барып қажетті заттар, азық түлік, сыйлықтар сыйлап балалар мен олардың ата аналарының көңілін көтеріп қайтті. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұл іспеттес дәстүрлер бұрыннан бар. Биылғы жылдың воленторлық болып жариялануы бұл іспеттес шараларға бірізділік пен жаңа қарқын берді.

Бір қызығы студенттер басында мүмкіндігі шектеулі балаларға баруға қорқамыз, жүрегіміз шыдамайды деп қатты толқыды. Бірақ барғаннан кейін балалармен ойнап, сөйлесіп көңілдерін көтеріп жақсы әсерде болды. Соңынан өздері ынтасын білдіріп енді біз жиі келіп тұрамыз деген шешім шығарды. Аналардың бірінің үш баласы да бірдей аурумен ауырады екен. Қаржылай жағдайы жақсы студенттер өз ықтиярын білдіріп отбасын өз қамқорлықтарына алуға ықтиярлық білдірді. Толқыған ана рұқсатын берді. Студенттер балаларға қамқор болайық деп уағдаласып керек заттармен қамтамасыз етеміз, келіп тұрамыз, өз қамқорлығымызға аламыз деп шешті. Әлеуметтік әріптестік те, сыйластық та осыдан басталады. Кез келген жоғары оқу орнының негізгі мақсаты маман қалыптастырумен қатар, саналы азамат тәрбиелеу екендігін естен шығармаған дұрыс. Әлеуметтік жауапкершілік осынау күрделі кезеңде біздің азаматтық позициямыздың ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыра алуымызда. Мұндай шаралардың маңызы бірінші кезекте адами құндылықтардың қалыптасып, отандастарға, өзге адамдарға деген немқұрайлылықтың алдын алу үшін маңыздылығын сақтап қалмақ.
Қазақ қоғамы жетімі мен жесірін жылатпаған, үнемді қорғау астында ұстаған халық. Ауыр әлеуметтік жағдайдағы отбасы балаларын, ата анасының қамқорлығынан айырылған жасөспірімдер мен жас буынды кенжелетпей, кемсітпей олардың қалыпты қоғамға интеграциялануына жағдай жасау тек мемлекеттің ғана емес, барша заматтың ортақ мүддесі екендігін ешқашан естен шығармаған дұрыс. Ел болам десең бесігіңді түзе дейді қазақ бабамыз. Бесік деген балалық шақ. Әрбір баланың бақытты балалық шаққа құқығы бар. Бұл құқық адамның тумысынан пайда болады. Тек күнделікті өмірде күйбең тіршілікке салынып кеткен біз осынау маңызды құқықтың барын ұмытып кетеміз. Бақытты балалық шақ кемел адамның қалыптасуының бірден бір жолы. Ол мемлекеттік саясаттың негізігі өзегі болуы керек және тиісінше әрбір азаматтың қасиетті парызына айналуы керек. Ұлтты ұлт ететін, оны дамытатын жастар. Тек жастарын ойлап, оның қалыпты тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайтын ел ғана өзінің жарқын болашағын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады.
Волонтерлық институтын дәстүрлі құндылықтармен ұштастыру арқылы біз маңызды жаңа белесті бағындыру мүмкіндігін ие боламыз. Ол қоғамның маңызды мәселелерді бірлесе отырып шешуге деген ынтасының оянуы. Кемел қоғам белсенді азаматтардың мекені екендігін естен шығармайық ағайын.
Автор: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры доктор Ph.D Алтаева К.Ж.
