Қайрат ИМАШЕВ пен Жансұлу СИХАМБЕКОВА "Назарбаев зияткерлік мектебінің" педагогтарымен кездесті.
Айта кетейік, партия бағдарламасы аясында білім сапасын жақсарту үшін жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 30%-ға дейін артатын болады. Кәсіптік білім беру саласында еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау үшін, орта арнаулы оқу орындарында дуалды оқу жүйесі енгізіліп, шәкірттер озық үлгідегі әдістермен оқытылады.
Шара соңында мектеп ұжымы ұстаздардың қамқоршысына айналған "Nur Otan" партиясын қолдайтындарын жеткізді.
