Қайнар Бегалыұлы сайлаушының шаңырағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Қайнар Бегалыұлы сайлаушының шаңырағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе келіп, алдағы сайлауда аталған партияға дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ жүрекжарды ізгі тілектерін айтты.Тұрғындар да облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Қайнар Бегалыұлының жұмысына табыс, отбасына амандық тіледі. Аталмыш партияға сенім артатынын, отбасымен барып сайлауға қатысатынын жеткізді."Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат келген қонақпен бірге жүріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ерікті жастар үгіт-насихат үнқағаздарын таратуда белсенділік танытты.
