Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айна - жан дүние көрінісі

Ләйлім - өзінің сырт-келбетін көп ойлайтын қыз. Тек таңнан кешке дейін боянып, әдемі киінуді ғана біледі. Бір күні одан көшеде үсті-басты кір ұсқынсыз әйел келіп, көмек сұрайды,- "Бір үзім нан болса да берші?". Ләйлім оны естісе де, естімегенсіп "фу" деп жиіркеніп кетеді. Келесі күндері де, осы әйелді кездестіреді. Әдетінше Ләйлім оған тіпті қарамай өтеді.

Ләйлім күндегідей әрленіп, сауық кешіне шықты. Шығып такси ұстап тұрады, бір егде жастағы кісі тоқтап,- "Қызым қайда барасың? Апарып салайын, отыр" дейді. Ләйлім отырып, жол бойы айнаға қараумен болады. Бір қараса, жаңағы кісі оны бір орманға әкеп тастапты. Ол жерде Ләйлім жалғыз, өте қорқынышты. 5-6 сағат өтеді, оның қарны ашып, тоңады. Орнынан тұрып, бірнеше қадам жасағанда, алдында үлкен айна пайда болады. Ол айнада, Ләйлім өзінің ұсқынсыз түрін көреді, киімі де ұқыпсыз болып тұр. Қорыққанынан ол шыңғырып жібереді. Орман маңынан оның даусын естіп, бір әйел келеді. Ләйлімге таныс әйел. Ол әйел "Қызым не болды? Көмек керек пе? Жүр менімен бірге, сені жылытып, тамақтандырайын" - дейді. Осы сәтте келбеті ұсқынсыз әйел Ләйлімге сұлу әйел болып көрінеді. Қуанғанынан оны құшақтап алады. Және айнаға тағы қарап, өзінің ұсқынсыз түрін көріп "Сіз де көріп тұрсыз ба? Мен әдемі емеспін!" - деп сұрайды. Сол кезде әлгі әйел "Қызым, өмірдегі ең басты сұлулық - ол жан дүниенің сұлулығы. Егер жаның сұлу болса, сырт-келбетің де сұлу болады" - дейді.

1
1
608

Осы тақырып бойынша

Айна - жан дүние көрінісі - Yvision.kz