Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аймақтық қоғамдық штаб мүшелері әлеуметтік нысандарды аралап, пандустарды тексерді

#AMANAT #amanatpartiyasy

Аймақтық қоғамдық штаб мүшелері әлеуметтік нысандарды аралап, пандустарды тексерді

Қоғамда барлық азаматқа тең мүмкіндік жасалу керек. Ол тек ғимаратқа пандус салумен шектелмеуі тиіс. Арбаға таңылған жарымжан жандар немесе сәбиін сүйреткен анаға кіріп-шығу қиындық туғызбау керек.

Еліміздің Конституциясында мүгедектерге қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқығы тайға таңба басқандай жазылған. Ол туралы мемлекет басшысы өз Жолдауында на нықтап көрсеткен. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп келеді. Олардың әлеуметтік жағдайын жасаудан бастап күнделікті қажеттерін өтеуі үшін көмек көрсетілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап түрлі оқу курстары ұйымдастырылған. Арнайы бор орындар жәрмеңкелері де ұйымдастырылып тұрады. Мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін қоғамнан тыс сезінбеулері үшін жасалуда.

0
0
349

Осы тақырып бойынша